Қыс тақырыбын қайталау

Скачать

Дүниетану.
Тақырыбы: Қыс.
Мақсаты: 1. Қыстағы өлі табиғатта болатын өзгерістер туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың қыс мезгіліндегі өзгерістер жайында ой - пікірін еркін жеткізе білуге машықтандыру.
3. Қыс кереметтері жайында түсініктерін пысықтап, зеректікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
“Адамның күзгі еңбегі ”мәтінін оқыту, мазмұндау.
Білімді тексеру кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу.
Қорытындылау.
Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау.”Қыс”.
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Сәкен Сейфулиннің Қызыл шұнақ өлеңін оқу.
Шытынайды тыста аяз -
Қызыл шұнақ үскірік.
Қылшылдайды жалаңдап,
Зәрлі деммен ысқырып.
Ұшан - теңіз қалың қар
Жерді басып жабады.
Шұнақ аяз жалаңдап,
Екі санын сабады.
Мұздай демі бет қарып,
Аяз аузын ашады.
Құлақтанып қызыл күн
Жасыл ұшқын шашады.
(С. Сейфуллин)

- Өлеңін оқып, қыс кереметтері жайлы түсініктерін пысықтау.
- Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау.
- Өлең мағынасын ашып әңгімелеп бер.
- Қыста өлі табиғатта болатын өзгерістерді айт.
Сурет бойынша жұмыс жүргізу.
- Суреттерге қарап, ағаштар мен бұталарда қандай өзгерістер болатынын әңгімеле.
- Далада, орманда, бақта кездесетін өсімдіктердің бүршіктерін жарып көру, зерттеу.
- Үй маңындағы қарды ашып, көрінген шөптерге бақылау жаса.

3. Сергіту сәті
Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту. іштей, дауыстап - тізбектей.
2. Сұрақтарға жауап алу.
3. Теріп оқыту.
Бекіту кезеңі: Дәптермен жұмыс. “Қыс” тақырыбын қайталау.
“Қарағай - ағаш”,”арша - бұта” деп жазу. Қарағай туралы өлең жаттау.
Қорытындылау
Үйге тапсырма беру кезеңі:
1. Мәтінді оқу, мазмұндау.
Бағалау.
Қыс. жүктеу


Скачать


zharar.kz