Тақырыбы: барлық іс жарнамадан басталады
Грамматикалық материал - Қыстырма сөздер
1. Білімділік: Мәтінді оқу, аудару, жаңа сөздерімен жұмыс жасау; Қазақ тіліндегі оқшау сөздердің түрлері Қыстырма сөздердің мағынасына қарай бөлінуін тыныс белгілерінің қойылу ережелерін түсіндіру;
2. Тәрбиелік. оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Қазақ тіліндегі сөздік құрамына тұтынушы, өнім, өндіріс, маркетинг, маркетолог, жарнама секілді экономикалық мазмұны бар терминдерді енгізу
САБАҚТЫҢ ТИПІ: Білімді және әрекет тәсілдерін бекіту сабағы
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: кіріктірілген сабақ
САБАҚТЫҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ: мәтінмен жұмыс, түртіп алу әдісі, сұрақ – жауап, өздік жұмыс.
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: Жарнама схемасы, сауда белгілері үлгілері, белгілі өнекәсіп орындарының жарнамалық үн - парақтары, пакеттер, Қыстырма сөздердің мағынасына қарай бөлінуін тыныс белгілерінің қойылу ережелерін түсіндіретін таблицалар, слайдтар
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: Орыс тілі, қаржы негіздері
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
1. Оқушылармен амандасу.
2. Сабақ мақсаты мен өтілу ретін таныстыру
Бүгінгі сабақта біз Ақпарат көздері модулі бойынша БАРЛЫҚ ІС ЖАРНАМАДАН БАСТАЛАДЫ деген мәтінмен танысамыз, қазақ тіліндегі оқшау сөздердің бір түрі болып табылатын қыстырма сөздердің мағынасына қарай бөлінуін, олардың тыныс белгілерінің қойылу ережелерін үйренеміз
Кіріспе сөз: Қазақстанға үш тұғырлы тіл қажет, бірақ қазақ тілінің мәртебесі жоғары болуы тиіс Орталық Азияны зерттеу орталығының директоры Ульям Фиерман
“ Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз.
Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек.
2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс.
Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде.
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз.” Ендеше, біз бүгін берілген тақырыпта қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде ой тұжырымдап, қазақ тілінде пікірімізді білдіреміз. Ал бүгінгі тақырып:
ІІ. ҚАЖЕТТІ БІЛІМДЕР МЕН ӘРЕКЕТ ТӘСІЛДЕРІН ӨЗЕКТЕНДІРУ.
Сұрақ - жауап (Сұрақ - жауап арқылы жаңа тақырыпқа көшу)
1. Жарнама деген не?
2. Нені жарнамалауға болады?
3. Жарнама қандай мақсатпен беріледі?
4. Жарнаманы қайда орналастыру керек?
5. Қандай жарнамаларды көп көреміз?
6. Жарнамаға қандай талаптар қойылу керек деп ойлайсыңдар?
ІІІ. ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУ
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАҢА СӨЗБЕН ЖҰМЫС:
Жарнама - реклама
Басы - начало
өнім - продукция
мәнді - значимый, содержательный
шығармашылық дағды - творческий навык
тұтынушы - потребитель
қызмет түрі - виды услуг
артықшылық - достоинство
ерекшелік - особенность
қажет етеді - требуют
тапқырлық - находчивость
Мәтінмен жұмыс – оқулықпен жұмыс - 3 топ мәтінді 3 бөлікке бөліп оқып аударады, түсінігін айтады.
БАРЛЫҚ ІС ЖАРНАМАДАН БАСТАЛАДЫ
Жарнама барлық істің басы болып саналады. Жарнама жасаудың ең қарапайым түрі - баспа өнімдері. Олар: каталогтар, хабарлама - бағдарламалар, жарнама парақшалары, газет - журналдар. Жарнама - қысқа, мәнді болуы керек. Жарнаманың тұтынушыны қызықтырып тұрғаны жөн.
Бір АҚШ - тың өзінде жарнама саласына байланысты 35 колледж және бір университет білім береді екен. Бұл елдің тұрғындары 0, 1 пайызы жарнамада жұмыс істейді.
Жарнаманың негізгі үш міндеті бар: бірінші - тауар жайында немесе көрсетілген қызмет түріне байланысты толық мәлімет беру; Екінші - тауардың артықшылығын, ерекшелігін көрсете білу; Үшінші - тұтынушыларды сол затты алуға ынталандыру. Әрине, жарнамада жұмыс істеу үшін дарын керек.
Қазіргі кезде нарықтық экономика жақсы жарнаманы қажет етеді. Радио, теледидар, баспасөз, көше жарнамалары кең қолданылады.
Бәлкім, саған да жарнама ісі ұнайтын болар. Ол үшін қазірден өзіңді дайында. Оған тапқырлық, ұшқыр қиял, жазу дағдысы, сурет сала білу керек.