Бастауыш мектеппен қоштасу ертеңгілігі
Музыка.
Алихан: Ханымдар мен мырзалар!
Динара: Арулар мен батырлар!
Ернар: Қайырлы күн, Құрметті қауым!
Халима: Армысыздар қымбатты көрермендер!
Алихан: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
Динара: Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Шәкәрімдей бабалар
Ернар: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер!
Халима: Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Алихан: Сегодня очень радостный день для всех нас. Мы собрались вместе в этом зале, чтобы в торжественной и дружеской обстановке попрощаться с начальной школой и достойно перейти в среднее звено.
Халима: Сегодня день у нас такой
И грустный, и веселый
Ведь мы прощаемся с родной
Своей начальной школой.
Динара:
I’m learning to write
And I’m learning to spell
And my teacher says
That I’m olding well!
I can spell my will a book
And that is b – o – o – k
I can spell a copybook
And that is co – py – b – oo – k.
Ернар: Қадірменді қонақтар, қымбатты ұстаздар, аяулы ата - аналар! Біз бүгін алғаш қалам ұстатып әліппемізді ұсынған сүйікті ұстазымызға рақмет айту салтанатына жиналып отырмыз. Жанымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған мектеп - анаға алғысымызды айтамыз. Сонымен, Рақмет саған, бастауыш мектеп атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.