Экспо көрмесі Қазақстан ішінде өтетін көрме

Скачать

Сабақтың тақырыбы: "ЭКСПО - 2017 Қазақстанның болашағы"
Мақсаты: Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихымен таныстыра отырып, 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесінің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Отанымызда ЭКСПО - 2017 көрмесін өткізу үшін жүргізіліп жатқан шараларға өз ой - пікірін білдіру қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, карточкалар.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сергіту сәті:

Сәлемдесу ойыны: Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. Бастаймыз деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. (қолмен, аяқпен, көрісу т.б.)
Мүғалім: ЭКСПО деген қандай көрме?. Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір - біріне жетістіктерімен мақтанып, табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып, барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді. Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталады. ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған,"экспонат" деген сөзден шыққан, қазақшасы - жәдігер. Дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң.: ЭКСПО - ның негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбританияның ханзадасы Альберт есептеледі. Алғашқы Бүкіләлемдік көрме 163 жыл бұрын Лондонда, 1851 жылдың 1 мамырында ашылған және Гайд - саябағында орналасқан. 20 аптаның ішінде оған 6 млн. адам келген. Содан жалғасын табуда. Бүгінде бұл көрмеге дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып отыр. Оның жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы Халықаралық Көрмелер Бюросы (ХКБ) құрылған. Штаб пәтері Парижде орналасқан. Қазақстан ХКБ - ға 1997 жылы мүше болып кірді. Жалпы, ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар. Оның бірі - халықаралық әмбебап көрме. Ол бес жылда бір рет өткізіледі. Келушілер көрмеге қойылған экспонаттарды алты ай бойы тамашалай алады. Екіншісі - халықаралық мамандандырылған көрме. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, 2 - 2, 5 жылда бір рет өткізіледі. Мерзімі – үш ай. Мамандандырылған халықаралық көрменің өтетін уақыты 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегінің аралығы деп белгіленді. Олай болса Қазақстан арнасының тілшілері дайындаған бейнбаянға назар аударайық.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай:

Бұл Қазақстан үшін үлкен құрмет және қуанышты оқиға. Астанада ЭКСПО - 2017 көрмесін тұрғызамыз, өз экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз. Бұл әдемі нысан жаңа Елордамыздың ең үздік бренді болады

Өзіміздің үлесімізді және сауаттылығымызды жетілдіру үшін "ЭКСПО - 2017 Қазақстанның болашағы" атты сайысымызды бастаймыз.
Олай болса сайысымызды әділ бағалайтын әділқазыларды ортаға шақырамыз:
Ойың толқып жатқанда асып, тасып.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып
Бұл сайыстан өтеді ғұлама ойлар
Біреу мығым, біреулер шалыс басып - дей келе сайысымыздың кезеңдерімен таныстырайын:

Сайыс кезеңдері:
1. Шын жүйрікте шаршау жоқ
2."ЭКСПО - 2017 Қазақстанның болашағы" Power Point программасында слайд жасау
3."ЭКСПО - 2017" пайдасы мен тиімділігі
4. Sinkuein - 5 жолды өлең стратегиясы

І тур бойынша Шын жүйрікте шаршау жоқ кезеңі.
Ойынның шарты: Әр командаға 10 cұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай саналады. Сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап беруі тиіс.

Білім тобы: 1. Экспо Қазақстанда 2017 жылы болады. Ия
2. Алғашқы Бүкіләлемдік көрме Қазақстан елінде өтті. Жоқ
3. Мемлекетіміз ЭКСПО көрмесіне 2005 жылдан бастап белсене ат салысады. Ия
4. Бүкіләлемдік көрме Астанада 10 жыл болады. Жоқ
5. Әлемнен 100 - ге жуық ел, 10 - халықаралық ұйым қатысады. Ия
6. Баламалы энергия және Жасыл технологияға арналған көрме. Ия

Ғылым тобы: 1. Экспо көрмесі Қазақстан ішінде өтетін көрме. Жоқ
2. 1851 жылы Лондонда ЭКСПО өтті. Ия
3. Экспо Ақтөбе облысы Шалқар ауданында өтеді. Жоқ
4. Қазақстанда Болашақ энергия тақырыбында көрме өтеді. Ия
5. Астанада өтуіне 103 ел қолдады. Ия
6. ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Ия

ІІ кезең: "ЭКСПО - 2017 Қазақстанның болашағы" Power Point программасында слайд жасау. 6 - беттік слайд жасау. Жасалған слайдты қағаз бетіне шығару.
ІІІ кезең: "ЭКСПО - 2017" пайдасы мен тиімділігі жөнінде өз ойларын ортаға салу.

ІV кезең: Sinkuein - 5 жолды өлең стратегиясы.
Бұл кезеңде сіздерге сөздер беріледі сол сөздерді пайдаланып өлең жолдарын құрау.

Мұғалім: Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO - 2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды. Дей келе:

Өрбітіп ойлар ойда қала берер
Білім сана толастап жана берер
Әділ қазыларды ортаға шақырайық
Сайыскерлерге әділ баға берер. (Әділқазыларға сөз беріледі).

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Оқушылар сарайы ММ Компьютерлік дизайн үйірмесінің жетекшісі
Мурзагельдина Айсұлу Таңжарыққызы



Скачать


zharar.kz