Бөлімі: Ана тілі
Тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар. Намыс
Мақсаты: - Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру, қысқы спорт ойындары туралы әңгімелесу, бақылай білуге дағдыландыру;
- Есту, айту арқылы жуан дауысты дыбыстар туралы түсіндіру;
- Мәтінді түсініп оқыту, батылдыққа, достыққа тәрбиелеу;
- Білуге деген құштарлықтарын арттыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету;
Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: Қыс мезгілінің суреті. Қима әріптер. Қысқы спорт ойындар бейнеленген қима қағаздар, аудиожазба, ноутбук, ақ қағаздар, түрлі - түсті қарындаштар, су бояулар т. б.
Іс - әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық - Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар, айналамызда не өзгергенін қарап көрдіңдер ме?
- Жылдың қай мезгілі басталды?
- Қыстың қандай белгілерін білсеңдер?
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып - жылтыр болып жатады.
Ұйымдастыру - іздестіру Жаңа тақырыпқа кіріспе.
Дидактикалық ойын: Ненің даусы?
Мақсаты: Есту арқылы дыбыстарды ажыратуға үйрету. Масаның, жыланның, араның дауыстарының аудиожазбасын тыңдатады, ненің даусы екенін тапқызады.
- Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталаймыз.
Дауысты дыбыстар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э, и, ю, я.
Дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, ң, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ,(у).
- Жан - жануар, жәндіктер қалай дыбыстайды?
Мысалы: Түйе боздайды. Ешкі маңырайды. Арыстан ақырады. Қасқыр ұлиды. Әтеш шақырады.
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді түсініп оқы.
- Намыс деген сөзді естігенде ойларыңа не келді?
Намыс - батылдық, ойлағанын орындау.
Мақал
Жігітті намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді?
- Іштей оқыту;
- Дауыстап оқыту;
- Бөліп оқыту;
- Рөлмен оқыту;
Сұрақ - жауап арқылы:
- Әңгімеде жылдың қай мезгілі суреттелген?
- Әңгіме не туралы? Әңгімедегі Кәрім қандай бала? Ол не істеді?
- Өзің қыста қандай ойындар ойнайсың?
- Мәтіннің алғашқы бөлігіндегі сөздерден дауысты дыбыстарды тап. Олардың жуан және жіңішке екенін
айт.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып - жұмамыз.
Содан соң төмен түсіріп,
Алақанды соғамыз.
Иықты артқа ысырып,
Басты төмен саламыз.
Жаттығу жасап осылай,
Үлкен боп ертең шығамыз.
- Суретпен жұмыс:
- Суреттегі заттардың атауларын жаз.
- Сөздерге сөйлем құрастырады.
- Жұмбақты оқы, шешуін тап.
Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді.
Рефлексивті - түзетушілік
Қорытындылау
- Бүгінгі сабақтан не туралы үйрендік?
- Әңгіме не туралы? Әңгімедегі Кәрім қандай бала?
- Кәрім туралы не айтасыңдар?
- Кәрімнің орнында болсаң не істер едің?
- Өзің қыста қандай ойындар ойнайсың?
Сұрақтарға жауап алынып, оқушыларды бағалайды.