Тақырыбы: " Ән аға немесе Шәмшімен сырласу"
Мақсаты: Оқушыларды Шәмші Қалдаяқовтың өнерімен, өмірімен таныстыру. Шәмші сияқты бір – ақ рет өмірге келетін. Ұлы адамды, оның өнерін сүюге, құрметтеуге үйрету.
Кештің жүрісі: 1. Шәмші қалай Шәмші аталды.
2. Шәмші әндерінің тарихынан.
3 Көрермендер арасынан" Ең үздік әнші"
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті, ата – аналар, ұстаздар және оқушылар.
Мектебіміздің оқушылары дайындаған "Ән аға немесе Шәмшімен сырласу" атты кешімізге қош келдіңіздер.
Көрініс: Татарлардың гармонын, қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері
Қалдаяқтың сол бір қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келді.
1 – Оқушы: Сүйінші, сүйінші: оу Қалдаяқ ұлды болдың.
2 – Оқушы: Рас па? Менің де Ұлды болатын күнім бар екен ғой.
Сенен ештеңе аямаймын, бәрі сенікі.
Бала жылайды:
1 – Оқушы: Мен сені Шәмшид патшаның атымен атағалы жүр едім. Бірақ мына патшаның емес,
әншінікіне көбірек ұқсайды екен.
3 – Оқушы: Оу Қалдаяқ балаң адамдардың емес, әннің патшасы болса да тақияңа тар келмес.
1 – Оқушы: Айтқаның келсін! Шәмшид болсын! ( Қасындағылар)
Аумин! Айтқаның келсін! Шығып кетеді.
4 – Оқушы: Дәл сол сәттен аттай 30 – жыл өткен соң Шәмшид аталған сол бала Шәмші Қалдаяқов болып бүкіл Қазақстан вальстің королі болып атағы жайылатынын сол тұрғандар білген жоқ.
Вальс "Ақ бантик"
Жүргізуші: Шәмшінің алғашқы әндерінің бірі:"Қайықта" әні орындалды.
(жеке орындаушы)
Жүргізуші: Иә, сол Шамшид Шәмші атанып, оның композиторлық атағы шартарапты шарлап кеткенде оның анасы қайта жазылмастай ауруға ұшырап, Алматыдағы Шәмшіні шақырады.
Көрініс: ( Анасы көзінашып ) Шәмшіжан, келдің бе? Балам жас кеттім демеймін. Жазмыш маған келін көруді, немере сүйуді бұйырмапты. Жалғыз тілегім сен аман бол. Салған әнің айтылмай жатып үзілмесін.