Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі ( 2 - ші сағаты )
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ю дыбысы мен әрпін таныту. Ю дыбысын сөз ішінен ажырата білу, қосарлы дауысты дыбыс екенін айыра білуге үйрету.
Дамытушылығы: Ю дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортамен ізгілік қарым - қатынасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабағы.
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, танымдық, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, буындар, ребустар, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
I Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңбері
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
● Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпекші, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Қош келіпсіздер! (Шапалақтау)
I I Өткен сабақты пысықтау
1. Дыбыс деген не?
● Дыбыс ауызбен айтылады, құлаққа естіледі.
2. Әріп деген не?
● Естіген дыбысты таңбалап жазсақ ол әріп болады. Әріпті оқимыз, жазамыз.
3. Дыбыс нешеге бөлінеді?
● Дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады, өзі буын құрай алады.
4. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
● Дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтуға келмейді. Ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа айтылады. Өз бетімен буын құрай алмайды.
● 5. Сөйлем туралы не білеміз?
Ю дыбысына сипаттама беру
Фонетика әлемі: Шашылған әріптерді өз үйлеріне кіргізу
Жақсы көрем.( Жатқа айту )
Шай ішетін қоюлап
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап
Жақсы көрем апамды.
III Жаңа сабақ
- Балалар бүгінгі сабақ алдыңғы сабақтарға қарағанда ерекшелеу. Сендердің топ басшыларың болуға бүгін жабайы аңдар келді. Оның себебін алда түсінесіңдер.
- Ал енді, қонақтарды қарсы алайық
- I топ кірпі
II топ аю
III топ түлкі
IV қоян.
Әр топ өздеріне келген аңдар туралы не білеміз соны ортаға шығып айтайық.
2. Мәтінмен жұмыс Жарыс.
1) Мәтінді оқып, мазмұнын ашу.
2) Оқушыларға тізбектей оқыту.
- Ал енді балалар, бұл бұл мәтінде аңдар жүгіріп жарысса, біздер білімдерімізді ортаға салып жарысайық. Аңдар бізге сол үшін қонаққа келді.
3. Тақтамен жұмыс.
- I топ Аю (тәуелдеу), II топ жүгірді (жіктеу), III топ қоян (тәуелдеу ), IVтоп тұр (жіктеу ).
4. Кім жылдам?
А, п, о, а, р, й, т, ю, қ дыбыстардан кім көп сөз ойлайды?
5. Сергіту сәті
6. Дәптермен жұмыс.
Тиісті тыныс белгісін қойып, сөйлемді көшіріп жазыңдар.
далада қар жауды балалар шанамен ойнады
Қисаю, жантаю, шалқаю, еңкею сөздерінің мағыналарын қимыл арқылы көрсету.
9. Суретке қарап әңгіме құрастыру.
Ю дыбысы кездесетін сөзді ата.
Ю дыбысы қалай естіледі?
10. Шығармашылық жұмыс.
11. Ребус шешу.
Ребустардың шешулері болған сөздерде неше дыбыс, неше әріп бар
Қандай сөздер шықты?
Ою, аю
Қосымша тапсырма:
Орындары ауысып кеткен сөздерден сөйлем құрау.
Аю не істеді? Аю араның ұясын бұзды.
Істеді не аю араның бұзды аю ұясын
Ал, енді аңдармен бірге қаншама тапсырмалар орындадық, жинаған жұлдызшаларымызды санайық.
Кім мәреге бірінші болып жетті екен?
Оқушыларды мадақтау. Үйге:
Мәтінді оқу. Ю дыбысы бар сөздер жазып келу.