Сәлеметсіңбе жер - ана

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты: бірлескен жұмыс негізінде көсемшенің сөйлемдегі қызметін меңгеру, өзіндік тұжырым жасауға дағдылану, АКТ - ны тиімді пайдалану, сыни ойлауға дағдылану.
Күтілетін нәтиже:
• Жаңа тақырыпты меңгереді;
• Сөйлем талдау машығы қалыптасады;
• Сыни ойлау дағдысы дамиды.

Іс - әркеттер
Психологиялық тренинг Сәлемдесу
- Сәлеметсің бе, Көк аспан?
- Сәлеметсіңбе жер – ана?
- Сәлеметсіңбе, қонақтар?
- Сәлеметсіңбе, ұстазым?
- Сәлеметсіңбе, достарым?
Класты топқа бөлу анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш

Үй тапсырмасын тексеру.
181 - жаттығу. Үш топтан 3 оқушы шығып, берілген көсемшелерді жіктейді.
Ой шақыру.
- балалар, бүгін сіздер неге анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш қарай топқа бөлініп отырсыздар?
- бұлар – сөйлем мүшелері.
- жақсы, оның сабаққа қандай қатысы бар?
- Бүгін біз Көсемшенің сөйлемдегі қызметі тақырыбымен танысамыз.
- Жақсы, балалар, олай болса, алдарыңызда берілген мысалдарды сөйлем мүшесіне талдап, көсемшенің сөйлемдегі қызметін анықтаймыз.

Топтық жұмыс.
1 - топқа мысал:
Алып та халықтан үйренеді.
2 - топқа мысал:
Көре – көре көсем боларсың, Сөйлей - сөйлей шешен боларсың,
3 - топқа мысал:
Түнде жаңбыр жауыпты.

Слайд арқылы қосымша түсіндіріледі.
Оқулықпен жұмыс
188 - жаттығу. Берілген мақал - мәтелдерден көсемшелерді тауып, сөйлемнің қай мүшесі екенін анықта. Әр топқа 2 мысалдан бөліп беремін.

Сергіту сәті. Топтарға А , Ә , Б әріптері жазылған қима қағаздар таратылады. топтар сол әріптен басталатын 1 шумақ Ана туралы ән айту керек.
Әдебиет әлеміне саяхат
Берілген үзіндінің қай шығармадан алынғанын, авторын табу, көсемшелерді тауып, морфологиялық талдау жасау.
1 - топ:
Өзге емес, өзім айтам, өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп, тулатын бір қозғайын да.
2 - топ:
- Байды шапқаның шапқан, малды алғаның алған, жылқышының жалғыз қызын қайтесің, батыр...
Еркек десең өзімді әкет, қызымды қайтарып бер. Сорлы анасы аңырап қалды ғой.
3 - топ:
Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады.
Топтастыру

Кері байланыс орнату. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бағдаршам түстері рақылы көрсету.
Үйге тапсырма


Скачать


zharar.kz