Адамдарды сыйлау, сыйламау әркімнің өз еркі, алайда олармен дұрыс қарым-қатынаста болу мәдениеттілік белгісі.
Уақыт өте келе, ашу тарқайды, өшпенділік те, өкпе-реніш те бәрі басылады алайда бір-бірінен көңілі қалған адамдар сол күйі алыстап кетеді.
Бақыт дегеніміз – бір жанның сені сүюі және күтуі.
Өмірдегі барлық қиындықтарға күліп тұрып, қолыңызды бір сілтеңіз.
Қазіргі уақытта барлық дүниенің құнын білеміз, алайда қолдағыны бағалай білмейміз.
Өзіңді сол қалпыңда қабылдайтын жанды кездестіруді өмір бойы қалайсың. Соңында ол жанның сенімен үнемі бірге болғанын түсінесің. Өйткені ол сен – өзің. (Р. Бах)
Дайындаған: Асыл