Сабақтың тақырыбы: Құжаттардың мәтініне қойылатын талаптар
Білімділік. Оқушыларды құжаттардың мәтініне қойылатын талаптармен таныстыру, күнделікті қажетіне қолдана алуға машықтандыру.
Дамытушылық. Ой - қорытуды пайдаланып, құжаттар дайындағанда білу біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік. оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, кәсіби біліктілікке, еңбексүйгіш қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнектілігі: Мультимедиялық подиум, үлестірмелі қағаз, үлгілер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
1. Машинкадан оқылатын құжат деп нені айтамыз?
2. Машинадан оқылатын құжаттар мен машинограммаларға мiндеттi реквизиттерін айтыңыз.
3. Машинадан оқылатын құжатты немесе машинограммаларды жасаушы ұйымның коды мен атауы кәсiпорындар мен ұйымдардың несі бойынша жазылады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Құжаттардың мәтініне қойылатын талаптар
Ұйымдық - өкiмдiк құжаттардың мәтінi сауал - сұрақ кестелер, байланыс мәтінi түрiнде, сондай - ақ осы нысандардың қосылған күйінде де хатталады.
Мәтін сауал - сұрақ түрiнде құрастырғанда белгi аттары атау жалғауындағы зат есiммен немесе екiншi адамның қазiргi немесе өткен шақтағы көптiк жалғаумен айтқан сөздерiмен ("болған едi", "болды", "сiзде бар", "сiздiң иелiгiңiзде") берiлуге тиiс. Сөз жүзiнде айтылған сипаттамалар грамматикалық тұрғыда белгiлердiң атауларымен үйлесуi тиiс.
Кестелердiң графалары мен жолдарының атау септiгiндегi зат есiммен бейнеленген тақырыптары болуға тиiс. Графалар мен жолдардың қосымша тақырыптары негiзгi тақырыппен үйлесiп тұруы керек.
Егер кесте машинкаға басылғанда бiр парақтан асып кетсе кестенiң графалары нөмiрленуге тиiс. Сөйтiп келесi беттерде тек графалардың нөмiрлерi ғана басылады.
Егер тұтас байланысты мәтінде бiрнеше шешiм, тұжырымдар және басқалар болса, онда оларды бөлiмдерге, бөлiмшелерге, тармақтарға бөлген жөн.
Жеке дара басшылық принципінде жұмыс iстейтiн ұйымдардың өкiмдiк құжаттарында, сондай - ақ басшылыққа жолданатын құжаттарда мәтінді баяндау бiрiншi жақтан жекеше септiк жалғау нысанында болуы керек ("бұйырамын", "ұсынамын", "өтiнемiн").
Алқалы органдардың өкiмдiк құжаттарында мәтін жекеше септiк жалғауда үшiншi жақтан баяндалады ("қаулы етедi", "ұйғарды").
Бiрлескен өкiмдiк құжаттарда мәтін көпшiлiк септiк жалғауда бiрiншi жақтан баяндалады ("бұйырамыз", "ұйғарды").
Хаттамалардың мәтін көпше септiк жалғауда үшiншi жақтан баяндалады ("тыңдады", "сөз сөйледi", "ұйғарды").
Құқықтар мен мiндеттердi белгiлейтiн құжаттарда (ереже, нұсқау), сондай - ақ фактiлердi сипаттайтын немесе оларға баға берiлетiн құжаттарда (актi, анықтама), мәтінi баяндаудың нысаны жекеше немесе көпше септiк жалғауда үшiншi жақтан пайдаланылады ("бөлiм мына қызметтердi жүзеге асырады", "бiрлестiктiң құрамына мыналар кiредi", "комиссия мыналарды анықтады").
Хаттарда баяндаудың мынадай нысандары пайдаланылады:
көпше септеу жалғаумен бiрiншi жақтан ("жолдауыңызды өтiнемiз", "қарауларыңызға жiберiп отырмыз");
жекеше септеу жалғауында бiрiншi жақтан ("қажет деп санаймын", "бөлуiңiздi өтiнемiн");
жекеше септiк жалғауда үшiншi жақтан ("министрлiк қарсы емес", "Қазмемстандарт мұны мүмкiн деп санайды").
Құжатты ресiмдеу кезiнде қандай тiлдiң таңдап алынатыны туралы шешiм Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы Заңына сәйкес қабылданады.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Тапсырма: Берілген мәтіннің бос орнына керекті сөзді жаз
1. Мәтін сауал - сұрақ түрiнде құрастырғанда белгi аттары........ жалғауындағы зат есiммен немесе екiншi адамның қазiргi немесе өткен шақтағы...... жалғаумен айтқан сөздерiмен ("болған едi", "болды", "сiзде бар", "сiздiң иелiгiңiзде") берiлуге тиiс
2. Хаттарда баяндаудың мынадай нысандары пайдаланылады:
..... септеу жалғаумен....... жақтан. Мысал келтіріңіз
....... септеу жалғауында....... жақтан. Мысал келтіріңіз
...... септiк жалғауда...... жақтан. Мысал келтіріңіз.
Ү. Оқушыларды тапсырманы орындауына, сұрақтарға жауап беруіне қарай бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма. Оқып келу.