Топ таныстыруы

Скачать

Тақырыбы: Математика – өмір сүру формуласы атты интеллектуалды ойыны.
Мақсаты: 1) оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
2) логикалық ойлау қабілеттерін анықтау, есте сақтау, шапшаңдық, байқағыштық қабілеттерін дамыту;
3) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Түрі: сайыс сабақ.
Сабақта қолданылатын құралдар: мультимедиялық экран, кеспе қағаздар, түрлі - түсті қағаздар, маркерлер, плакат, т. б.
Барысы:
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты,
Ақыл - ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса.
Омар - Хаям, Әл - Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді,
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса, - дей отырып, бүгінгі Математика – өмір сүру формуласы атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер.

Өмір сүру тетігі математика формуласынан қаланған,- дегендей өмір де өлең секілді ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді. Демек өмір ағымы – бізге қояр талап. Сол сияқты халыққа қызмет етер ғимараттарды заман ағымына сай әр түрлі пішінді тұрғызу да математиканы қажет етеді. Ал бұл дамыған жүйе көңілді жақсартады, өмірді жаңартады. Сондықтан да Математика – өмір сүру формуласы .
Ендеше бүгінгі ойынымызға қатысатын оқушыларымызбен таныстырып өтейін:
9 А класс оқушыларынан құралған Евклид тобы,
9 Ә класс оқушыларынан құралған Архимед тобы.

Ойынымыздың жоспары:
1. Топ таныстыруы. (3мин)
2. Үшбұрыштар әлемінде . (5мин+2мин)
3. Ойымды жалғастыр .
4. Формулалар сыры . (2мин)
5. Газет шығару. (3мин)
6. Логикалық есептер.
7. Қас қағым сәт . (3мин)
8. Кім көп біледі? .

Ойыншыларымыздың білімін бағалайтын әзілқазы мүшелерімен таныстырып өтсек,
-----------------------
Ойынды қай топ бастайтынын анықтау үшін, логикалық есеп беріледі. Тез әрі дұрыс жауап берген топ ойынды бірінші бастайды.
Есеп. Жұмадан кейін 17 тәуліктен кейін аптаның қай күні сәйкес келеді? Жауабы: дүйсенбі.
1. Топ таныстыруы (3мин). Өздері таңдап алған математик ғалымның өмірімен, еңбектерімен таныстырады, топ мүшелерімен таныстырады.
2. Үшбұрыштар әлемінде (5мин+2мин). Үшбұрыштар тарауы бойынша білетіндерін сызба арқылы айтып шығу. Сызбаны сызу үшін 5мин, айтып шығуға 2мин уақыт беріледі.
3. Ойымды жалғастыр . Екі топ бір - біріне 6 сұрақтан қояды. Дұрыс жауапқа 10 балл беріледі, қате жауапқа екінші топқа 10 балл қосылады.
4. Формулалар сыры (2мин). Берілген формулаларды жалғастырып жазу керек. Дұрыс жауапқа 10 балл, қате жауап 10 балл шегеріледі.
5. Газет шығару (3мин). Үй тапсырмасына газет шығару берілген болатын. Шығарған газеттерін қорғап шығу.
6. Логикалық есептер. Ұяшықтағы логикалық есептерді топ мүшелері ақылдаса отырып шешеді.
7. Қас қағым сәт (3мин). Берілген фигурада қанша үшбұрыш бар екенін анықтау.
8. Кім көп біледі? Саны бар мақал айту. Әр мақал - 5балл.
9. Әділқазы мүшелеріне сөз беріледі.
Жеңімпаз топ марапатталады.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні,
Сіздермен кездесерміз біздер әлі.
Әділ - қазы, көрермен сау тұрыңдар,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі, - дей отырып, Математика – өмір сүру формуласы атты интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!
Сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz