Топтардың аттары

Скачать

Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мың көлеміндегі сандарды оқу, жазу, білім тиянақтау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мың көлеміндегі сандарды оқу және салыстыру. Санның құрылымын, жіктелуін, қосу, азайтудың ауызша және жазбаша тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ойлау қабілеттері арқылы белсенділіктерін арттыру, өз бетінше жұмыс жасауға талпындыру.
Тәрбиелік мәні: Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа, есепті тез, дұрыс есептеуге үйрету
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жұмыс дәптері, тест
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, жазбаша жұмыс, ізденушілік, топпен жұмыс

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын даярлау.
Психологиялық дайындық:
Кел, балалар, ойнайық
Ойнайық та ойлайық
Қандай есеп болса да
Шешпей оны қоймайық.
Мұғалім сөзі: Балалар, мың көлеміндегі сандарды оқу, жазу тарауына байланысты білім тиянақтау сабағы. Сондықтан бұл сабақта Білім еліне саяхатқа шығамыз. Білім деген ғажайып елге жету үшін, біз көптеген кедергілерден өтуіміз қажет. Біз ол кедергінің қандай екенін табу үшін мың көлеміндегі сандарды қайталау арқылы іздейік.

1 - тапсырма:
Т 66онд.=660
Ы 505бірл.=505
Қ 800+80=880
Н 10жүзд.=1000
П 500+40=540
Л 2жүзд.+4онд.+5бірл.=245
А 5жүзд.+4жүзд.=900
Балалар, Біздің алдымыздан қандай сөз тіркесі шықты. Алтын қақпа . Олай болса, біздің саяхатымыздың кедергісі Алтын қақпа ойыны арқылы жүргізіледі. ь Кімде кім осы ойынның кедергісінің тапсырмасын сүрінбей жақсы орындаса, Білім елінің білімді азаматы болмақ. Осы қақпалардан өту үшін топпен жұмыс жасайық. Сынып төрт топқа бөлінеді. Топтардың аттары:
1. Бірліктер
2. Ондықтар
3. Жүздіктер
4. Мыңдықтар

Балалар, біздің алдымыздағы бірінші кедергі Тас қақпа . Одан өту үшін оның тапсырмасын орындау қажет. Әр топтан бір оқушыдан шығып тақтаға орындайды, қалған оқушы дәптерге орындайды.

2 - тапсырма: Оқулықпен жұмыс.
630+50=63онд.+5онд.=68онд.
670+300=67онд.+30онд.=97онд.
680 - 50=68онд.- 5онд=63онд.
970 - 350=97онд.- 35онд.=62онд.
680 - 630=68онд.- 63онд.=5онд
970 - 670=97онд.- 67онд.=30онд.
Ал, балалар, тас қақпаның есігі ашылды, енді осы тас қақпаның ішіндегі тапсырманы орындап көрейік. Әр топқа плакат беттері беріледі. Сол плакат бетіндегі тапсырманы орындайды.

3 - тапсырма: Келесі тапсырманы Кім жылдам ойыны арқылы теңдік тура болатындай, тиісті жерге жақша қоямыз.
(580 - 300)+50=330
(480 - 40)- 20=420
(820+60)- 200=680
480 -(400 - 200)=460
Енді, балалар, біздің келесі кедергіміз Күміс қақпа . Күміс қақпамыз ашылу үшін келесідей тапсырманы орындаймыз. Топтағы оқушылар ақылдаса отырып, жауабын топбасшысы айтады.

4 - тапсырма: Логикалық тапсырма:
♦ 1 жұмыртқа 1 минутта піседі. 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(1)
♦ Екі шахматшы 2 сағат шахмат ойнады. Әр қайсысы неше сағат ойнады?(2)
♦ Шырша түбінде қоянның 8 құлағы көрінді. Шырша түбінде неше қоян отыр?(4)
♦ Тауық бір аяғымен тұрса салмағы 3кг., екі аяғымен тұрса ше?(3)
♦ Дорбадағы10 асықты он бала бір - бірден алды., сонда дорбада бір асық қалды. Ол қалай болғаны?(Соңғы бала асықты дорбасымен алады)
♦ Бірінші қосылғыш 8, екінші қосылғыш 18 қосындының мәні нешеге тең? (26)
♦ Әжесі немересіне 8 қолғап тоқыды. Немересі нешеу? (4)
♦ Үстелдің төрт бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрыш қалады? (5)

Ал балалар күміс қақпаны аштық, онда бізді сергіту сәті күтіп тұр.
Сергіту сәті:
Енді, балалар, кедергілерден өтіп, Алтын сандыққа тірелдік, алтын сандық тапсырмасын орындаймыз. Оқулықтың 201 бетіндегі 5 тапсырма.


Скачать


zharar.kz