Картоп пен ірімшік салаты (Салат диер)
Картоп – 3 - 4 бас
Ірімшік (қатты сыр) – 100 гр
Жұмыртқа – 4 бас
Қияр – 1 бас
Майонез – қалауыңызша
Тұз – қалауыңызша
Қара бұрыш – қалауыңызша
Бұл салатты дайындау үшін жұмыртқаны қайнатып пісіріп алу керек, картопты майға қуырып алу керек (картошка фри).
Шикі картопты қабығынан тазартып, жуып ұзынша етіп майдалап тураңыз (сәбіз салатқа арналған үккіштен өткізуге болады). Табаға май құйып туралған картопты аз - аздан салып қуырып алу керек.
Картопты қуырып алған соң үстіне тұз, қара бұрыш сеуіп қойыңыз.
Піскен жұмыртқаны ұзынша етіп тураңыз, ірімшікті майда үккіштен өткізіңіз, қиярды да үккіштен өткізуге болады.
Барлық өнімді турап, қуырып дайындап алған соң, үлкен тәрелкеге қабат - қабат етіп салып шығу керек.
Ең алдымен қуырылған картоптың жартысын үлкен, жайпақ тәрелкеге салыңыз, үстіне қиярды салыңыз, үстіне жұмыртқаны салыңыз, үстіне майонезді жағыңыз, бетіне ірімшікті салыңыз. Дәл алдындағыдай қайталап үстіне қуырылған картоптың жартысын салыңыз, үстіне қиярды, оның үстіне жұмыртқаны салып, майонез жағып ең бетіне ірімшікті саласыз. Ең бетіне сәндік үшін аздап көп пияз немесе аскөк сеуіп, жұқа етіп кесіп қызанақтың бір-екі тілігін қоюға болады.
Салат дайын, асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Жадыра