ОҚО Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы
№81 Ұлықбек атындағы негізгі орта
мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Раимкулова Садокат Кайнарбековна
Сабақтың тақырыбы: Қайталама қос сөздер
Мақсаты: Қайталама қос сөздерді үйрену; жасалу жолдарын түсіну; бір түбірдің қайталануынан жасалатын сөздерді ажыратып, сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді таба білуге ықпал жасау.
Сабақтан күтілетін нәтиже: Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады; жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі.
Сілтеме: ҚР Білім беру стандарты. Күнтезбелік жоспар 4 - сынып
Ж. Қ. Балтабаева, М. Қ. Солтанғазина, Ф. С. Лекерова Қазақ тілі оқулық.
Қалам, дәптер, кестелер, маркер, стикер, сюжетті суреттер, проектор, флипчарт.
Модульдердің кіріктірілуі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлау. Оқытуда АКТ - ны қолдану. Оқыту үшін және оқуды бағалау. Дарынды және талантты баланы оқыту. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Әдіс тәсілдер:
Үйінен адасқандар әдісі. Салыстыру ойыны. Өзің үшін қат әдісі. Өз орныңды тап ойыны. Кері байланыс ТЖК
Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 1. Психологиялық дайындық
Бағдаршам ынтымақтастықты орнату.
Топқа бөлу
Оқушыларды Ғажайып қарындаштар ойыны арқылы топқа бөлінуді, топ басшыларын тағайындауды. Бағалау критерийлері және оқушының аты - жөні жазылған кесте беріледі.
Үй тапсырмасын пысықтау
Топтастыру стратегиясы. Үйінен адасқандар әдісі ұтымды жауап беру. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
Жаңа сабақ.
Білу:
Миға шабуыл әдісі Ребусты дұрыс шешуге бағдар беру.(Слайта қайшы, тал, а дыбысы, алма, қосу таңбасы, сөздік кітабының суреттері, дер қосымшасы жазылып тұрады)
Түсіну:
Өлең жолдары арқылы жаңа сабақты меңгерту.
Сылдыр - сылдыр бұлақтар,
Сыбдыр - сыбдыр құрақтар
Күрт - күрт орып құр аттар,
Сырт - сырт ойнар лақтар.
Қолдану:
I топ. 2 - жаттығу. Салыстыру әдісі.
II топ. Өз орныңды тап әдісі.
Сергіту сәті:
Талдау:
Өзің үшін қат әдісі бойынша дәптермен жұмыс ұйымдастырамын.
Жинақтау:
Топтық жұмыс.
1. Жаттығу жұмысын орындату.
2. Басқа үй жануарлары төлдерін қалай шақыратыны туралы айтқызу.
3. Қайталама қос сөздер қатысқан жұмбақтар тапқызу.
Бағалау:
Кезеңдер бойынша алған смайликтерін жинап электронды бағалау кестесіне шығару.
Кері байланыс:
ТЖК (түрлі желкенді кемелер ) әдісі арқылы кері байланыс орнату.
Үйге тапсырма:
4 - жаттығу. Суретке қарап қос сөздерді қатыстырып шағын мәтін жазу.
Қыс мезгіліне төрт жолды өлең құрастыру.
Толық нұсқасын жүктеу