Сабақтың тақырыбы: Опера және балет театры
Сабақтың мақсаты:
Опера және балет театры туралы білімдерін қалыптастыру, етістіктің райларын пысықтау
Сабақтың түрі: жаңа білім меңгеру сабағы
Әдіс - тәсілдер: дәстүрлі проблемалық әдіс, зерттеу әдісі, ізденіс әдісі
Көрнекілігі:интерактивті тақта, слайд, флипчарттар, суреттер, үнтаспа, билеттер
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі ( оқушылардың назарын сабаққа аудару).
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, ұстаздар, қонақтар!
Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Қуанышым, бақытым, дара тілім,- дей отырып, қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Балалар, көңіл күйлерін қалай?
(Көңілді көтеретін сазды музыка ойнап тұрады, оқушылар бір - біріне сәттілік тілейді) С. А. Назарбаеваның Өзін - өзі тану бағдарламасының бір элементін сабақта қолдану.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
II Үй жұмысын тексеру.
III Жаңа сабақ
Видеофильмнен үзінді көрсету
1. Ой қозғау
- ”Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер”
- “Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын”- осы
мақал - мәтелдердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Өнердің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Тақырыпты түсіндіру
Слайд 2 опера және балет театры туралы толық мағлұмат беріледі.
Берілген мағлұматтарды өзіне түртіп алу
3. Жаңа сөздермен танысу арқылы сөздік жұмысын жүргізу.
Жақсы дамыды - хорошо развивалось
Кәсіби шеберлігі - профессиональное мастерство
Іргетасын қалаушы - основоположник
Қалыптасу - формироваться
Еңбек сіңірген - заслуженный
Актерлердің ойыны - игра актеров
Партер мағынасын ашу - театрлар мен концерт залдарындағы көрерменде отыратын орталық орын. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 669 – бет
Шығармашылық жұмыс
Жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру
4. Мәтінмен жұмыс
- мәтінді оқу мұғалім оқиды
- мәтінді кезекпен оқып, мазмұнын түсіну
- негізгі ойды таптыру
Опера және балет театры
Соңғы жылдарда Қазақстанда драма, кино өнерлері де жақсы дамыды. Мысалы: Қазақ Мемлекеттік Абай атындағы опера және балет театры - өзінің кәсіби шеберлігі жағынан дүние жүзіне әйгілі болған театр. Оның іргетасын қалаушылар Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Роза Жаманова - қазақ операсының қалыптасуына көп еңбек сіңірген қайраткерлер. Олар - халық артистері.
Қазіргі кездегі опера өнерпаздарынан Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Кенжеғали Мыржықбаевтар өнері мен таланты халық арасына көптен танымал.