Эврика сөзі кімнің сөзі

Скачать

Өмірдегі физика
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен топ болып жұмыс атқаруға баулу, танымдық ой өрісін кеңейту.
Сабақ барысы. (сайысқа дайындық алдын ала жүргізіледі. Оқушылар газеттер шығарады, слайдтар жасайды, реферат дайындайды.)
Сынып екі топқа бөлінеді. Қазылар алқасы сайланады.
1. Бастаушы: Сәлеметсіздер ме! физикалық сайысқа қатысушы ұстаздар оқушылар!
2. Бастаушы: Армысыздар қадірлі қонақтар, құрметті көрермендер.

1. Бастаушы: Мінекей мұнда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз
Көңілді тапқыш сайысын
Міне қазір бастаймыз.
2. Бастаушы: Физика еді өмірдің
Асыл бір үлкен саласы
Жаңарды сол физикамен
Елімнің өзен даласы.
Сайыстың 1 - бөлімі
Сергіту сәті сұрақ тез оқылады. Егер жауап болмаса әрі қарай оқылады. Әрбір дұрыс жауап бір ұпай.
1 - топқа сұрақ.
1. Бір заттың молекуласы басқа заттың молекуласына ену құбылысы.(диффузия)
2. Жылудың қанша берілу түрі бар.(3)
3. Заттың сұйық күйден қатты күйге айналуы.(кристалдану немесе қатаю)
4. Көзбен көресің, бірақ қолмен ұстай алмайсың.(көлеңке)
5. Жылу алу үшін жағатын зат. (отын)
6. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған оқымысты. (Әл - Фараби)
7. Термодинамикалық параметрлер (V, P, T)
8. Дененің еркін түсу үдеуі. (9, 8м с)
9. Эврика сөзі кімнің сөзі. (Архимед)
10. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. (электр тогы)
11. А. Македонский заманындағы уақыттың көрсеткіші немесе өлшеуіші. (тауық)
12. Бойль - Мариот заңы. (изотерма)
13. Қозғалыстың бірінші заңын кім ашты.( Галилей)
14. Температураның авсалют нөлі неге тең. (273к)
15. Ішкі энергия дегеніміз не. (кинетикалық потенциалдық энергиялар қосындысы)
16. И. Ньютонның 1687ж тартылыс заңын ашуына себеп болған не, (алма)
17. Авагадро тұрақтысы. (6, 02*10 моиль)
18. Ғарышкер киімі (скафандр)


Скачать


zharar.kz