Адамның доссыз болғанынан туыссыз болғаны жақсы

Скачать

Тәрбие сағатының тақырыбы: Шын дос - таусылмас қазына
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың достық сезімі туралы білім деңгейін кеңейту. Адамдар арасындағы достық қарым - қатынасты ашу, досты қадірлеуге баулу.
Өзара достыққа, татулыққа тәрбиелеу, оқушылар арасындағы ынтымақ бірлік ұжымдылық сезімдерді кеңейту.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қанатты сөздер мен мақал - мәтелдер жазылған плакаттар.
Барысы.
1. Ұйымдастыру
Сабақ 3 қатардың жарысы түрінде өтеді. 1 - қатар “Достық” тобы, 2 - қатар “Құрбы” тобы, 3 - қатар “Жолдас” тобы.
1. Дос туралы өз түсініктерін айтады.
2. Көрініске өз ой – пікірлерін ортаға салады.
3. Дос туралы өлеңдер айтады.
4. Мақал мәтелдер кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Шын дос - таусылмас қазына
Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі, бірақ та кейбіреулер, шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді!
Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрсада, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес деп Аристотел атамыз айтқан.
Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей,
Досыңа қосылғанда дем бергендей,
Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке.
Тұйғынға қапастағы жем бергендей, - демекші, жақсы әдет - байлығымыз.- рухани күшіміз. Адам үшін ата - анадан кейінгі ең жақын - абзал дос. Доссыз өмір тұл , Доссыз өмір - тұзсыз ас - деп халық тегін айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейді.
Бір данышпаннан дос жақсы ма, туыс жақсы ма деп сұрағанда, дос жақсы деп жауап берген екен. Ей, перзентім, білгенің жақсы, адам тірі кезінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан туыссыз болғаны жақсы. Достарым көп деп әркімге үміт түймесін қадауға әрекеттенбе. Ілгері мен соңғыға қара, достарыңның көзқарасынан хабарсыз болма. Дәмеленгіш кекшіл достан аулақ бол. Оның достығы нағыз достық емес, уақытша пайдалану ғана. Қызғаншақ, кекшіл, ішітар, сараң адамдар достыққа лайықты деуге болмайды деген екен.

Жақсы дос - ол да бір үлкен дәулет. Өйткені кімнің досы көп болса, оның айыбы ашылмайды. Достарың әрдайым көп бола бергені жақсы. Бірақ достың да досы бар, ақымақ дос тек өзіне ғана достық жасауды ұнатып, өзгеге жасағанын бұлдайды. Сондықтан халық ақымақ достан ақылды дұшпан артық дейді.
Келіп - кетіп көп жүріп,
Мен досыңмын деп жүріп,
Жоқ нәрсені шатады,
Сөйтіп құдай атады!
- деп ұлы Абай атамыз жалған достықтың жамандығын әшкере етеді. Яғни достықтыңда достығы болады екен. Осы мәселе төңірегінде қандай ой - пікірлерің бар ортаға салып көрейік.
Оқушылардың ойлары, пікірлерін тыңдау. Балалар сендер достық туралы қалай ойласыңдар, дос деген не? Дос қандай болу керек?

1 - қатар. Менің ойымша достық деген – қасиетті ұғым. Дос адамдық асыл қасиетпен саған тек жақсылық ойлайды, қиындықта көмектеседі, қуанышта да, қайғыңды да бірге бөліседі.
Дос, қамқоршы, көмекші, жанын сала тыңдайтын ең жақын серік. Достық, дос болу достасу, бірлесу, ынтымақтасу, ұйымдасу – адамзаттың ізгі әрекеттері, игілікті тіршілік нәтижелері болып табылады.

2 - қатар. Менің ең жақын достарым - сыныптастарым. Мектеп табалдырығын аттап басқаннан бері доспыз. Бір - бірімізге адал болуға, қажет кезінде демеу болуға тырысамыз. Ең адал, өмірлік достық - мектептегі достық болады дегенді көп естимін, соған қарағанда, біздің де достығымыз ұзағынан және адалынан болады деп ойлаймын.

3 - қатар. Адам баласы сөйлескенше, жылқы баласы кісінескенше деп халық достасу, жарасымдылық, ынтымақтастық қасиеттер адамның өзіне байланысты екенін уағыздайды. Достасу, серік табу – адамның бақытына бақыт қосады. Мен өзім адамдармен тез тіл табыса аламын деп ойлаймын, сондықтан менің достарым да көп. Достықты жоғары бағалаймын, әрқашан адал болуға, жақсылық жасауға тырысамын.

1 - қатар. Бірлік болмай, тірлік болмас дегенде халық бірлік, достық ынтымақтасу дәстүріне ерекше мән берген ғой. Күш бірлікте Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың аты шықпас , Қалтаңда жүз сомың болғанша, жүз досың болсын деген мақалдарда адам адамдарға дос болса екен деген ой жатыр. Доссыз жалғыз адамның жұмысы да өнбейді, ақыл косар адамы да жоқ. Өмірдегі ең қасиетті нәрсенің бірі достық деп ойлаймын.

2 - қатар. Дос үш әріптен тұратын сөздің анықтамасы, қиналғанда қол ұшын беретін анаңнан кейінгі адам дегенді білдірсе керекті. Досты қадірлейтін әр адам өзінің тектілігі мен адалдығын аңғартады. Достық сені сыйлайтын қадір тұтатын адамның ыстық ықыласы десек те болады.

3 - қатар. Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін - бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір - біріне тірек, медет болуынан, қам - қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын - қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта Мұнан менің қай жаным аяулы ,- деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.
Енді мынадай оқиғаны өзара талқылайық:


Скачать


zharar.kz