Отбасының шуағысың Ақ әжем
Мақсаты: Балабақшамен ата - аналар арасында тығыз қарым - қатынас орнату. Халқымыздың ұлттық мейрамы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, аналар еңбегін бағалауға дағдыландыру. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу.
Балаларды қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата - аналар, әріптестер! Наурыз - жыл басы! Наурыз - ұлыстың ұлы күні, күллі мұсылман қауымның ұлттық мейрамы. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін көңілдің кеңейтетін кезеңі - тойдың төресі.
Наурыз - Ұлы мерекеміз құтты болсын!
Бүгінгі осы мерекеге орай өткізгелі отырған ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған
Отбасының шуағысың Ақ әжем атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі – дей отырып сайысқа қатысушы
Әжелеріміз бен немерелерін ортамызға шақырамыз!
1. Бізге тілекші боп жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін, Нұрайдардай балапанымыздың
асыл әжесі, ардақты әже Айжамал әжейді қарсы алыңыздар!
2. Өзі сондай әдемі, күндей күліп жүреді, Шехризаттай немересімен Баян әжені қошеметпен
қарсы алайық!
3. Немере қамын ойлай жүретін балажан әже Ақниеттің күн әжесі, нұр әжесі, асыл әжесі
Зәуре әжені ортаға шақырамыз!
4. Қашан көрсең де шаршамайтын, бір әулеттің сыпайы да сырбаз әжесі Хабибадай немеренің
әжесі Салима әжейді құрметпен қарсы алайық!
5. Әже біздің күніміз
Әжемнің біз гүліміз
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз - дей отырып, Бердібектей немересімен Қаламқас әжейді ортаға шақырамыз.
6. Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді - деп Мұрагердің әжесі Бейсенкүл әжейді немересімен шақырамыз!
Жүргізуші: Ал халайық, ықыласпен демелелік
Әжелердің бұл сайысын көрелік.
Әжесімен немересіне қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік - деп әділ - қазы алқаларымен таныстырамыз.
--------------------------------------------------------
Енді сайысымыздың шарттарымен танысайық.
1. Мен анамын ұрпағын әлдилеген (өзін таныстыру) және үй тапсырмасы.
2. Көтерейік көңілді ән – жырменен (өнер сайысы)
3. Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра (сұрақ - жауап сайысы)
4. Қазақы дастархан (ас мәзірі)
5. Қазақтың ұлттық салт - дәстүрінен көрініс.
Құтықтау сөз: Мектеп директорының міндетін атқарушы: -----------------------
Шағын орталық әдіскері: ------------------------------
Жүргізуші: Ең ардақты ақ әжем
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес бал әжем
Аман – есен жүріңізші
Бар тілегім сол әжем – деп сайыстың бірінші кезеңі
бойынша әжелер өздерін таныстырады.(әділ - қазылар бағасын беру)
2. Өнер тамған – он саусақ әжелеріміздің он саусақтарынан шыққан өнер бұйымдарымен танысыңыздар. (үй тапсырмасы)
Шалқытып мерекеде ән салайық!
Өнерпаз әжелерге тамсанайық!
Өнердің аспанына асқақтасын,
Күміс көмей, әнші, биші әжелерді қарсы алайық - деп сайысымыздың екінші кезеңі
3. Көтерейік – көңілді ән жырменен - атты өнер сайысына кезек береміз.
Әжелер өнерлерін көрсетеді.(әділ – қазы алқасы бағасын беруі)
Қайсысы білгір білімді,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек кім жылдам,
Таланттарын табайық.
4. Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра - деп сайыстың келесі кезекті сұрақ – жауапқа
береміз. Сұрақтар балабақша, ұлттық қазына, көктем мезгілі, наурыз айы төңірегінде болады.
Әжелердің сұраққа жауап беруі (әділ - қазы алқасының бағасын беруі )
Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен орын жоқ. Олай болса, ақ жаулықты әжелеріміздің бал бармағынан шыққан ұлттық тағамдарымен таныс болыңыздар. Сайыстың келесі кезеңі
5. Қазақы дастархан ас мәзірі. (әділ - қазы алқасының ұпай саны)
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой санаға, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын
Қазақ атты үлкен кіші балдырған.