Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс.
Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер.
(Фанфар үні естіледі)
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар! Сәлем достар! Бүгінгі Ән жұмбақ музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер!
Әнді жанындай сүйген, әнді әлдилей білген халықтың бірі – қазақ елі десек, артық айтқандығымыз емес шығар. Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл - күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте - бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады деп ғұлама Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер.
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысушы3 А және 4 А класс оқушыларын ортаға шақырайық!
I - топ(4 бала)
II - топ(4 бала)
Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!
1.
2.
3.
Жүргізуші: Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз. Бүгінгі сайыскерлеріміз алдымен өз топтарын таныстырады.
1.....
2.....
І. Айналым:
Ережесі:
Мұнда бес тақырып беріледі. Тақырыптарды таңдап, сол тақырыптар бойынша берілген әндерді табу керек. Бұл жерде әннің музыкасын тапса - 1ұпай, авторын тапса - 2ұпай беріледі. Әнді тапса бірге шырқайды.
І айналым тақырыптары:
1. Би билейік дөңгелеп.(Айгөлек)
2Қиял әлемі.(Ертегілер әні)
3. Қонақжайлы халықпыз!(Дастархан)
4. Ән мен күйдің тірегі.(Домбырасыз сән қайда?)
5. Анашыма арнаймын!(Құттықтаймын мама туған күніңмен!)
Жүргізуші: Алғашқы айналым өз мәресіне жетті. Осы айналымның бағаларын білсек.
2- АЙНАЛЫМ!
ҚЫЗЫЛ - ДОМБЫРА - 2ҰПАЙ
ЖАСЫЛ - БАЯН - 1ҰПАЙ
1. Қошақаным қайда екен?
2. Жалқаубек.
3. Бала тілегі.
(қосылып орындайды)
Жүргізуші: Құрметті достар, келесі айналымда сіздердің сөйлеу мәдениеттеріңіз, сөздік қорларыңның молдығы, жылдамдықтарыңыз сарапқа салынады. Келесі айналымға өтеміз.
Ережесі: Көріп тұрсаңыздар менің қолымдағы асықтарда әріп жасырылған. Алдымен екі топқа да 2 - әріп беріледі. Сол әріптен басталып, аяқталатын сөздерді айтуларыңыз керек. Екі топқа да берілетін әріп (Уақыты 1минут) қай топ көп сөз айтады сол топ жеңімпаз болып табылады.
Жүргізуші: Осы айналымда барлықтарыңызда өздеріңіздің жылдамдықтарыңыз бен және топпен ұйымшылдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Рахмет. Олай болса осы бөлімнің бағаларын сұраймыз
СӨЗ ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ.
Жүргізуші: Оқушылар, әуен мен сөздің байланысы бір - бірімен өте жақын, тығыз байланысып жатырғанын білеміз. Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызды басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады. Келесі бөлімде сіздер қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді ортаға саласыздар. Үшінші айналым ережесіне құлақ түріңіздер!
ІІІ айналым.
Жүргізуші: Қазақ халқы ән мен жырға бай халық. Сонымен қатар, атадан балаға жетіп мұра болып келе жатырған қанатты сөздеріміз бен мақал - мәтелдерімізде баршылық.
Ережесі: Келесі бөлімде ән сөзі беріледі. Сол өлеңдегі асты сызылған сөздерге мақал құрастырып айтасыздар.
Атамекен
1. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қ - сы
Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.
2. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қ - сы
3. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Жүргізуші: Балалар, сіздер осы кезеңге дейінгі бөлімдердің барлығынан да сүрінбей өтіп келе жатырсыздар. Бәрекелді!
Үшінші айналымда өздерін қалай таныта білді екен сайыскерлеріміз? Оны әділқазылар алқасының бағаларынан білейік
ІV. Айналым.
Жүргізуші:
Құр айқай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған,
Кісіге сән бе екен?- деп Ұлы ойшыл ақын бен музыкалық есту қабілеттеріңіз сынға түседі.
- Ақтық мәреге аяқ басайық!
Ақтық мәре. Екі топ бірге үнтаспадағы әуенге назар аударады, бірге тыңдайды, әндердің сөздері орындарын ауыстырып айтылады. Ал 2 топ командасы сол әнді тауып алу керек.(Өз елім. Н. Тлендиев)
Қорытынды: Сөз кезегі әділқазылар алқасында.
Марапаттау:
Жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.
Ән аманат сіздер үшін, бар болыңыздар, сау болыңыздар!