ҰранЖас жанымды жаралама, есірткіге жолама

Скачать

Ұран
Жас жанымды жаралама, есірткіге жолама.
Денсаулығың саған керек өз - өзіңді тонама.

Мен өмірді қалаймын

Халықпыз біз бүкіл әлем жақтаған,
Татулықпен ел бірлігін сақтаған.
Салауатты өмір сүріп, мәңгілік,
Қазағымның салт - дәстүрін мақтаған.

Жетеді әлі қасіреті ғаламның,
Қас жауы бар есірткідей адамның.
Қаптамасын алқабында сорасы,
Кең жазира менің алтын даламның.

Есірткінің не екенін білеміз,
Не болса да одан алыс жүреміз.
Қазақ деген ата жолын ұстаған
Ұлы елміз, бақытты елміз, нұр елміз.

Ақын болсам деймін елім таныған,
Жарылатын ел дегенде ағынан.
Салауатты өмір сүрсек достарым,
Ел боламыз ырыс пен құт дарыған.


Ашық қылсын жалғыз алла аспанын,
Аман - етсін еліміздің жастарын.
Таза жүрсе, аман жүрсе, сау жүрсе,
Бұл өмірде керегі не басқаның.

Бақытты өтіп оқушылық өмірім,
Өлең жазып, жадырайды көңілім.
Мен де ертең мектебімді бітіріп,
Көркейтемін Қазалымның өңірін.

Мен оқимын өлеңдерін Абайдың,
Өнегенің көзі ғой деп санаймын.
Жиренемін әркез жаман әдеттен,
Қашанда да мен өмірді қалаймын.

Қымыз бенен шұбат ішкен халықпыз,
Сондықтан да биікпіз біз, алыппыз.
Бабалардың елін жаудан қорғаумен,
Хандық құрған ерлігіне қанықпыз.


Скачать


zharar.kz