Тақырыбы: Ата кәсіп - баға жетпес қазына
Мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының жазушысы, Маңғыстаудың төл перзенті, жерлесіміз Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы, қызметі туралы мағлұматтарын
кеңейту, жетілдіру;
Дамытушылық: оқушылардың топпен жұмыс жасау арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелілік: Әбіш Кекілбаевтың Шыңырау повесін талдау арқылы табиғатты қорғауға, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, туған жерін сүйе білуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, топтық тапсырмалар.
Тәрбие сағатының жүрісі:
І. Ұйымдастыр бөлімі
а) Оқушыларды тәрбие сағатына бейімдеу
ә) Топқа бөлу
1. Шеген
2. Шығыр
3. Әйкел
Кіріспе: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 4 в сыныбында өткелі отырған Ата кәсіп - баға жетпес қазына атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі тәрбие сағатымызды жазушы, жерлес атамыз Ә. Кекілбаевтың өмірі, шығармашылығы, қызметі туралы деректермен бастағалы отырмыз.
ІІ. Негізгі бөлім
1. І топ Ә. Кекілбаевтың өмірі
ІІ топ Ә. Кекілбаевтың шығармашылығы
ІІІ топ Ә. Кекілбаевтың қызметі туралы айтып, ойларын ортаға салады.
Әбіш Кекілбаев туралы қысқаша айтып өтемін.