Толықтыру тест

Скачать

Қазақ тілі сабағында қолдануға тиімді тест түрлері тақырыбындағы баяндама
(регламент 3 минут)
Оқушылардың білімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тесттік бақылау жүйесі. Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімінің ажырамас бөлігіне айналған.
Соңғы жылдары тестік әдіс оқу білімге қатысты барлық ұйымдарда кеңінен қолданып жүр. Тест дегеніміз не?
Тест - ағылшын сөзі, сынақ, байқау деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестіні ағылын педагогы Джордж Фишер 1864 жылы қолданған.
Тест – оқушылардың білімін және дағдыларын тексеретін құрал болып табылады.
Жалпы педагогикада тестік бақылау бір - бірімен тығыз байланысты 3 функцияны орындайды:
1. Диагностикалық
2. Оқыту
3. Тәрбиелеу

1. Диагностикалық функция: негізгі функция оқушының білім деңгейін, тілдік бірліктерді қалай меңгергенін анықтайды. Объективтілігі жағынан тест педагогикада үлкен орын алады.
2. Оқыту функциясы: оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге деген белсенділігін арттыру. Ұқсас тестердің, орындалған тестің қорытындысын талдауға үйрету.
3. Тәрбиелік функция: оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгіру қасиеттерін тәрбиелейді. Тесті талдау кезінде оқушы өз біліміне сын көзбен қарауға үйренеді.

Өз сабақтарымда тесттік бақылаудың мынадай түрлерін қолданамын.
1. Ашық тест. Білім деңгейі жоғары, шығармашылық қабілетін толықтыруға талпынатын оқушыларға арнаймын Себебі тесті орындау барысында оқушы жауабын толық өзі жазу керек
2. Балама тест Сұрақтарға ия, жоқ деген сөздермен жауап береді. Бұл тесті үлгерімі төмен оқушылармен жүргіземін.
3. Сәйкестік тест. Бағанға қарап дұрыс жауабын тап. Модуль бойынша сөздік жұмысын тексеруге өте тиімді. Тестің бұл түрін орыс сыныбында қолданамын.
4. Толықтыру тест. ережені есте сақтау үшін 5 - 9сыныптарда жүргіземін
5. Анықтау тест. Жауабы қысқа болуы шарт сабақты қорытындылау кезеңінде өте тиімді.
6. Таңдау тесті: оқушыларға дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн.
МАБ - қа ҰБТ - ға дайындау мақсатында сабақтарымда тестің осы түрін жиі қолданамын.
Тестілеудің жоғарыдағы әдістері - тақырыпты немесе тарауды оқушылардың қандай дәрежеде меңгергенін қысқа мерзімде анықтау, оқушының тоқсандық, жылдық және қорытынды білім дәрежесін тексерудің тиімді жолы болып табылады

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz