Сұлулық деген табиғаттың көркі

Скачать

Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мен және табиғат. Г дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1. 7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1. 8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1. 9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Мен және табиғат. Г дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет Ресурстар

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут
Өсемiз бiз күлiп - ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп - ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп (өлеңді бірге айту)

Шаттық шебері
Сабақтың ортасы 8 минут
Миға шабуыл
1 - топ
 Сөздер буынға бөлінеді (Иә)
 Жылқының төлі бота (Жоқ)
 Сөз дыбыстардан тұрады. (Иә)
2 - топ
• Жан - жануарлар сөйлей ала ма? (Жоқ) Олар тек дыбыс шығарады. Сөйлеу адамға тән.
• Тіл - сөйлеу үшін қажетті мүше (Иә)
• Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы. (Иә)
3 - топ
 Сиырдың төлі - бұзау (Иә)
 Ит інде тұрады. (Жоқ)
 Дауыссыз дыбыс кедергіге ұшырап шығады (Иә)

Табиғат
Табиғат та бір кітап
Тамаша ғой
Бүгін сен
Табиғатқа жүгінсең.
Құлақ түріп,
Көз тігіп,
Төңірекке үңілсең.

Еріп бұлттың ырқына,
Жоқ болады бір күн ай...
Табиғат та бір кітап,
Оқи алсаң, шіркін - ай!

Табиғат – бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.
* Адам өміріне не қажет?
* Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады?
* Тірі табиғатты ата (өсімдіктер, құстар, жануарлар, адам, ағаш, гүл, жеміс - жидектер!

Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе білуіміз керек.
Сұлулық деген табиғаттың көркі. Мысалы: гүл қандай?, аңдарымыз ше?, ағаштарымыз ше? құстарымыз ше? Осылардың барлығы табиғаттың сұлулығын білдіреді.

Жұмбақ
Жұпар иісі еседі
Жайнап бақта өседі.
Қай әріптен басталған,
Аты не, кім шешеді? (Гүл) Видеоролик
- "Гүл" дегенде бірінші қандай дыбыс естіледі?
Г дыбысы мен әрпі Видеоролик
- Г дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Дауыссыз екенін қалай білдіңдер?

№1 Оқылым.
Маса неге шағады?
Жұлдыз неге ағады?
Бұлт неге ауады?
Жаңбыр неге жауады?
Мен және табиғат. Г дыбысы мен әрпі. жүктеу


Скачать


zharar.kz