Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға, жан - жануарды, Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қасқыр т. б. жабайы аңдардың суреттері, “Зоопарктегі аңдар” сюжетті суреттер, жеке үй жануарларының суреті, қосымша суреттер, кітаптар, энциклопедия, Ақсу - Жабағылы қорығы туралы буклеттер, аңдардың маскілері, ватман қағаз, М. Дулатовтың портреті т. б.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, топпен жұмыс, салыстыру кестесі, 5 жолды өлең т. б. стратегияларды пайдалану.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика; өмірмен, қоршаған ортамен байланыс, халық педагогикасын пайдалану, көрнекілік қолдану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Ой ашар:
1. Қыс туралы жұмбақ өлең оқу, жауабын сұрау. Мәнерлеп оқимын, жауабын сұраймын (күз, қыс).
2. Жыл мезгілдерін сұрау. Қыс мезгіліне тоқталу. Сурет бойынша әңгіме, “Қыс туралы” қыс айлары, қыс мезгіліндегі мерекелер туралы сұрау. 16 желтоқсан тәуелсіздік алған күн, Жаңа жыл мерекелерін сұрау. Қай жылы, қай ғасырда өмір сүрудеміз? т. б. сұрақтар қою.
Үй тапсырмасын сұрау: Үйге М. Иманжановтың “Қысқы кеш” әңгімесін оқу, өз суреттерін салу, сурет бойынша әңгімелеу берілген, енді оқушылардың суреттері тексеріліп, 1, 2, 3 оқушыдан сурет бойынша әңгімелеп беруін сұраймын. Қалған оқушылардың суреттері қабырғаға ілінеді.
Тақырып бойынша диалог арқылы пысықтау сұрақтарына жауап алынады. Классик ақын Абай атамыздың табиғат лирикасына арналған өлеңдері сұралып, соның ішінде қыс өлеңінен 3 шумағын сұраймын.
Жаңа сабақ: Оқушылардың М. Дулатовтың “Қасқыр қысты қалай өткізеді?” атты әңгімесін оқитынымызды айтамын, портретімен таныстырамын. Тақтаға, дәптерге сол күнді, тақырыпты жазамыз. Енді балалардан қасқыр туралы не білетіндігін сұраймын. Қасқыр туралы өз серіктесімен ой бөлісуін, 2 минуттан кейін оқушылардың жауаптарын тізбектеп, тақтаға жазып шығамын.
Ой қозғау: Қасқыр туралы не білеміз?
Жыртқыш аң.
Жабайы аң.
Орманда, тауда, тоғайда.
Етті жақсы көреді.
Түсі қара көкшіл, сұр, ақ болады.
Оның жауы – бүркіт.
Сүтқоректі.
Аңқау болады т. б. ойларын тізбектеп жазамын.
Ойларын қорытып жазып болған соң мәтінді таныстырамын, авторы – Міржақып Дулатов. Мәнерлеп оқып беремін. Оқушылардан қарындаштарын алып отыруын сұранамын, ескертемін. Түртіп алу жүйесі бойынша +,?, v, – белгісімен оқушылар жұмыс істейді. Түсінбеген сөздерін сұраймын. Бір - бірінен сұратамын, білмесе өзім түсіндіріп айтып, сөздік жұмысын жүргіземін.
Диалог: Әңгіме ұнады ма, не туралы т. б. өздеріне тізбектеп оқытамын. Сонан соң тақырыпты тереңірек ұғындыру үшін топпен жұмыс жүргізіледі. Әр топта 4 оқушыдан. Әр үй тобына карточкалар, сұрақтарға байланысты сюжеттік суреттер қоса таратылады. Әр топтың сұрағы. Әрбір негізгі сұраққа қосымша сұрақтар беріледі?