Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қағазы - жанұясы

Скачать

Тақырыбы: Дарындылық негізі – ата - ана
Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасаты, ой - өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қағазы – жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Ата - ана осы жүйені ғылым мен өнер ретінде жан - жақты меңгеруі тиіс.

Сондықтан, мұғалім мен ата - аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі – психологиялық, педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады. Ата - ананы педагогикалық, психологиялық серіктестікке шақыру жолдары алдымен ата - аналар жиналысы, конференциялар, тренингтер, пікірталас (дөңгелек үстел), сайыстар, үйлестіру кеңесінің шешімдері т. б. шаралар арқылы жүзеге асыруға болады. Ата - аналар жиналысына ата - ананың 50 пайызы ғана келеді.
1. Ал, қалған ата - ана қайда?
2. Оларды өз балалары, мектебі туралы пікірлері қандай?
3. Оларды бүгінгі білім мазмұны, заманға сай бала бойындағы ерекшеліктері, мұғалімдердің талап деңгейі ойландыра ма?

Осы сұрақтарға жауап іздеуді мұғалім өзінен бастап іздеуі керек. Өйткені мұғалімнің қызметі баланы оқытумен шектелмейді, әр балаға білім алу үшін психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерді туғызып, өзін - өзі дамытуға, тәрбиелеуге жағдай жасауымыз қажет.
Мұндай жағдайда оқушының білім деңгейін ғана емес, отбасылық жай - күйін, ата - анасының психологиялық ерекшелігін, баласына көзқарасын терең біліп алу қажет.

Ата - ана әр түрлі, олардың мектепке деген көзқарасы да әр түрлі, сондықтан да бүгінгі күні әр сыныпта Отбасылық – психологиялық таным сабақтарын жүргізу қажет. Бұл жұмыста тек сынып жетекші ғана емес мектеп психологтары, пән мұғалімі және әлеуметтік педагог тәлімгерлер жұмылдыруы тиіс.

Бұл үшін ең алдымен ата - ананың өзін - өзі тануына бағытталған тренингтер, өзіне баласының көзқарасын білдіретін тестілер жүргізілуі тиіс. Алғашқы сабақтар түсінік – танымын кеңейту ретінде жүргізілуі тиіс, өйткені әрбір ата - ана өзі және баласы туралы жоғары пікірде болады.
Бұл ретте психологтардың көмегі қажет болады.

Сынып жетекші, ата - ана мен оқушылардың қатысуымен өткізілген;
1. Дарынды балалар және олардың ата - аналары атты педагогикалық кеңес өткізіп, мұғалімге де, ата - анаға да осы бағыттағы жұмыста психологиялық көмек қажет екенін түсіндіру. Психологтар осы тұрғыда ата - аналарға баланы күшпен оқытпай, ойлау қабілетін арттыру және олардың бойында ерекшелік, дарындылық, танымдық қасиетін бар екенін айтып, осы танымдық үрдісті ашу үшін ойлау, сөйлеу, шаттану, сезіну қабілеттерін әр түрлі ойын, тапсырмалар арқылы болатынын, оны қарапайым мысалдармен дәлелдеп көз жеткізуге болатынын түсіндіру.

Мысалы: а) саусақпен жұмыс (әр түрлі аспапта ойнау, қол өнер бұйымдарын дайындау, ұсақ моншақтармен әшекей бұйымдарын жасау).
ә) пианино ойыны, яғни баланың саусақтарының ұшындағы нүктелерді қозғау арқылы ми талшықтарына, түйсіктеріне әсер ету негізінде баланың даму қабілеті күшейеді, жазу каллиграфиясы түзеледі.
б) қазақ халқының әр түрлі ұлттық ойындары арқылы баланың ойлау қабілетімен қоса дене сымбатының қалыптасуына әсер етеді. Сабақты дайын күйінде, жаттанды күйде алмай, кешегіден бүгінге дейін, бүгінгіден ертеңге дейін жеткізу – біздің мақсатымыз екенін ата - аналарға жеткізіледі.


Скачать


zharar.kz