Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасы мен Гогольдің Тарас Бульба повесінің үндестігі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Мағжан Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасы мен Гогольдің Тарас Бульба повестерінің тақырыптарының үндестігін салыстыра отырып, шығармаларындағы кейіпкерлерінің бейнелерін ашып талдата отырып, оларға екі түрлі көзқараста баға бергізу.
ә) дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой түюге, өзгенің пікірін тыңдай білуге, оған қарсы оралымды, пікір айтуға үйрету, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
б) тәрбиелік: Мағжан мен Гогольдің шығармаларындағы үндестік пен қайшылықты, ұқсастықты саралауға, екі шығарманы оқуға деген қызығушылықтары мен туған жерге деген сүйіспеншілікті оята отырып отансүйгіштікке, тәуелсіздікті құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, іздену, зерттеу.
Сабақтың әдісі: проблемалық сұрақтар, мәтінмен жұмыс, Венн диаграммасы, топтастыру, семантикалық карта, образдық талдау, сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін қолдану.
Көрнекіліктер: портреттер, көрме, презентация, видео фильмнен үзінді, слайдтар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. І. Қызығушылығын ояту.
Сыныпты екі топқа бөлу. Топтардың өздерін таныстыруы.
І топ. Болашақ
ІІ топ. Сұңқар
Үй тапсырмасын сұрау.
1. Мағжан қандай ақын?
2. Мағжанның қандай шығармалары бар?
3. Батыр Баян поэмасының тақырыбы не?
4. Поэмада қай кезеңдегі оқиға суреттеледі?
5. Орыстың жазушысы Гоголь туралы не білесіңдер?
6. Өздерің оқыған Гогольдің повесі қалай аталады?
7. Басты кейіпкерлерін ата?
8. Повесте кімдердің арасындағы соғыс суреттелген?
ІІ Мағынаны таны.
Сабақтың жоспарымен таныстыру.(слайдтан көрсетіледі)
1. Батыр – ел қорғаны.
2. Опасызда отан жоқ.
3. Ұлт намысы – сатқынға тартылған сұр жебе.
4. Алашым, аттанамын, жолыңда өлем.
Мағжанның Батыр Баян - қазақ поэзиясының асқар шыңы.
Ө. Әбдіманұлы
Тарас Бульба есть отрывок, эпизод из великой эпопеи жизни целого народа.
В. Г. Белинский
Топтық жұмыс.
І топ. Мағжан мен Гоголь шығармаларын Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
І. Батыр – ел қорғаны.
♦ Мағжан.
Қазақ – қалмақ соғысы суреттеледі.
Поэма – өлеңді повесть, өмірде болған не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан – алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен сипатталған шығарма. Ноянды ағасы Баян өлтіреді.
♦ Гоголь.
Украин – Поляк соғысы суреттеледі.
Повесть – баяндау арқылы қара сөзбен жазылған көлемі орташа ұзақ әңгіме.
Андрейді әкесі атып өлтіреді.
♦ Ұқсастығы.
Екеуінде де еліне сатқындық жасаған адамдар жайында айтылады.
Композициялық құрылымы ұқсас