Шыбын мен көбелек

Скачать

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№7 жалпы білім беру орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Ахмет Гүлзира Жолшықызы

Сабақтың тақырыбы: Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" (мысал)
Мақсаты: Оқушылардың С. Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу.
Жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу. Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зияны туралы түсінік беру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, тілдік қорын дамыту. Табиғатты аялауға баулу. Жақсыдан үйрену және жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Адамгершілікке, инабаттылыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, диалогтық сұрақ - жауап, оқу дағдысын дамытатын әдіс - тәсілдер (мәнерлеп оқу, тізбектеп оқу), ой тастау.
Оқыту технологиясы: ақпараттық технологиясы, СТО.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, суреттер, жәндіктердің бетпердесі.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа даярлау.
Психологиялық дайындық.
Мұғалім: ---------------------- Оқушылар:
Әрбір адам - ----------------- Туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ - ---------------- Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің - ------------------- Тірлік, тірек, адалдық,
Әрбір сөзің - ----------------- Шындық, бірлік, адамдық.
Топқа бөлу
Оқушылар халық ауыз әдебиетінің түрлері бойынша аңыз, мысал, ертегі, айтыс топтары болып бөлінеді.

Жаңа сабақ.
Жұмбақтар шешу:
1. Ас көрсе - ақ жалайды,
Содан ауру тарайды. (шыбын)
2. Көлбең - көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады. (көбелек)
Не білесің? (шыбын мен көбелек туралы)
Оқушылар өздерінің шыбын мен көбелек туралы білгендерін ортаға салады.
Шыбын мен көбелек туралы бейнежазба

Жаңа сабақ
Сейітқұл Оспановтың Шыбын мен көбелек атты мысалымен танысамыз.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
С. Оспанов туралы мағлұмат беру Сейітқұл Оспановтың Шыбын мен көбелек атты мысалымен танысамыз.
С. Оспанов (1955 - 2003) 30 - наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді.
Шығармалары: Бәйге , Ащы қауын, тәтті қауын , Күн көтерілген шақ атты жыр жинақтары, Ағаш ат , Бақытты үй , Құлдар көтерілісі атты кітаптарының авторы.

Топтық тапсырмалар.
1. Аңыз тобы. Мәтінді мәнерлеп және тізбектеп оқыту.
2. Мысал тобы. Сұрақтарына жауап беру.
3. Ертегі тобы. Шыбын мен көбелектің суретін салу.
4. Айтыс тобы. Шыбынға мен Көбелекке мінездеме беру.

Сөздік жұмыс.
Көңілді күн сергіту сәті.
Кім мықты? сайысы.
Топтарға тапсырма беріледі.
1. Аңыз тобы. Ребус шешу
2. Мысал тобы. Тазалық денсаулық, жақсы және жаман қылықтар жайлы мақал - мәтел айту.
3. Ертегі тобы. Ұнамсыз қылықтар шағын эссе жазу.
4. Айтыс тобы. Мысалды рөлге бөліп, сахналау.
Ой толғаныс
Венн диаграммасы. Шыбын мен көбелек.
Оқушылар шыбын мен көбелекті салыстырады, ұқсастықтарын табады.

Қорытынды.
- Мысалдың авторы кім?
- Шыбын мен көбелек неге келіспей қалды?
- Мысалдан қандай ой түйдіңіздер?

Үйге тапсырма.
Мысалды оқып, мазмұнын айту және мысалға сәйкес сурет салып келу.
Бағалау. Топтар бірін – бірі бағалайды


Скачать


zharar.kz