Сабақ жоспарларының тізімі:
1. Натрий, калий және олардың қосылыстары (10 сынып)
2. Күкірт қышқылы. Сульфат ионына сапалық реакция (9 сынып, слайдымен)
3. Оттек. Оксидтер. Жану
4. Карбон қышқылы
Тақырыбы: Натрий, калий және олардың қосылыстары
Сабақтың тақырыбы: Натрий, калий және олардың қосылыстары
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға натрий, калийге сипаттама беру, қасиеттерін, алыну жолдарын, қолданылуын, табиғатта таралуын, қосылыстарының маңызын ұғындыру.
Тәрбиелілігі: Шығармашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын, пәнге білімге қызығушылықтарын арттыра отырып, өз бетімен білім ала білуге тәрбиелеу
Дамытушылығы: Өз бетінше ойлап өз ойларын ғылыми түрде жеткізу дағдысын, жан - жақты білімдерін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ (түсіндіру, салыстыру, қорытындылау)
Сабақтың түрі: тренинг – сабақ (біліммен іскерлік дағдысын жетілдіру)
Сабақтың әдісі: Топтық, ұжымдық жеке жұмыс.
Көрнекілігі: Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, слайд түрлері, бейнекөрініс, интернет материалдары.
Пәнаралық байланыс: География, биология, математика.
Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушыларды 3 топқа бөлдім. Сабақ бастамас бұрын оқушылардың көңіл - күйін білу мақсатында берілген дөңгелектердің біреуін көтеруін өтіндім ( жасыл – өте жақсы, сары – орташа, қызыл – нашар ) күйдемін.
2. Жаңа сабақ
Әр адам жас ерекшелігіне қарамай саяхаттануды ұнатады. Бүгін мен сендерді Сілтілер әлеміне шақырамын. Барлығымыз пойызға отырайық, сендер жолаушы, мен бағыттаушы боламын. Алдарыңдағы дәптерлерің бүгін жолаушы күнделігі болсын. Әрбір станцияда нені көріп бақылағанымызды осы күнделікке жазып отырыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: натрий, калийге жалпы сипаттама және олардың қосылыстары. Біз тоқталатын бекеттер:
1. Таныстыру бекеті (натрий, калийге жалпы сипаттама)
2. Физикалық бекет (физикалық қасиеттері)
3. Химиялық бекет ( қауіпсіздік ережесі, химиялық қасиеттері)
4. Қосылыстар бекеті (маңызды қосылыстары)
Химиялық қасиеті: Қауіпсіздік ережесімен таныстыру
Натрий, калиймен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Қолымен ұстауға болмайды. Теріні күйдіреді. Қалдықтарын қоқыс салатын корзинкаға салуға болмайды, өйткені тұтанып жанып қопарылыс беруі мүмкін. Осыдан кейін натрийдің сумен әрекеттесуін және натрийдің күкіртпен әрекеттесуін видеороликтен көрсету.