Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау

Скачать

Абай Құнанбаев

Ішім өлген, сыртым сау,
Көрінгенге деймін - ау:
Бүгінгі дос - ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?!
Өз үйінде өзендей,
Күркірейді, айтса дау.
Кісі алдында кірбеңдеп,
Шабан, шардақ1 және шау2.
Мұндай ма едің ана күн,
Мұның қалай, батыр - ау?
Үш күн арқаң босаса,
Бола қалдың бас асау.
Жан қысылса, жайтаңдап,
Жанды еріткен жайдары - ау.
Жан жай тапса, сен неге
Жат мінезсің жабырқау?
Ұрлық пенен қулыққа,
Байлағанда, кестің бау.
Берерменде бесеусің,
Аларманда және алтау.
Топ болғанда көрерсің
Түрлі дауды жүз тарау.
Аяғында сендейлер,
Көрмей жүр ме қанталау?
Қайтып келер есікті,
Қатты серіппе, жарқын - ау!
Жетілсең де, жетсең де,
Керек күні бір бар - ау.


Скачать


zharar.kz