Атадан қалған асыл сөздерді түсіндіре отырып балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру

Скачать

Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де, жауапты сала, ол – білім беру жүйесі.

Қоғам өмірінің барлық сфераларында терең өзгертулер жүруде, соның ішінде келешек ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру да өзекті мәселе болып тұр.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылдың 19 ақпанындағы Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты халыққа Жолдауында елімізді одан әрі жаңарту мен демократияландыру үшін қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыта беруге аса көңіл бөлу қажеттігін баса айтқан.

Заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне аудара бастады. Дер кезінде адамгершілік құндылықтары қалыптаспаса, бұл қасиеттер адам дамуына тек кедергі болып қана қоймай, сонымен қатар жасөспірімдік шақта бала дамуында әлеуметке қарсы мінез-құлықтың болуына әсерін тигізеді.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В.Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады деген.

Біз бала тәрбиесіне оң ықпал жасай отырып, оның табиғатын оятамыз. Баламен жүргізілетін әрбір істі қарапайым, әрі шешімі бар іс деп қарауымыз керек. Балалық шағының қызықты болуын ескергеніміз жөн. Бұл бала бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың бірден-бір жолы.

Осыған сәйкес соңғы жылдары Бөбек қорының Президенті С.А.Назарбаеваның Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру жобасы жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытып, қалыптастырудың тиімді жолын көрсетуде.

Бұл бағдарламаның міндеті – баланы рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұнын құрайтын қайырымдылық, сұлулық, достық, бақыт, сүйіспеншілік сияқты құндылықтарға баулу;
Балаға өзінің қайталанбайтын жеке ерекшелігін, өзіндік орны бар адам екендігін сезіндіру
Баланың бойындағы жақсы әдеттерін сақтап, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйрету;
Күнделікті бірлесе атқаратын іс-әрекеттер барысында балалардың бойында өзінің құрбыларымен адамгершілік қарым-қатынас жасау, олармен санасу және жанашырлық сезімдерін дамыту;

Жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық жанды-жансыз дүниенің өмірлік құндылығын түсіну және сезіну;

Мен өз тәрбие жұмыстарымда Өзін-өзі тану бағдарламасының кейбір әдіс-тәсілдерін мысалы: Шаттық шеңбері , Тыңдайық - ойланайық , Ойнайық , Сергіту сәті , әңгімелесейік деген тәсілдерді қолдана отырып, бала бойына адамгершілік тәрбиесін егуге тырысамын.

Шаттық шеңбері рәсімін өткізу арқылы балалардың барлығын қатыстыра отырып, сабақты қандай көңіл-күйде орындайтындарын бақылау, ой жүйелілігіне баланың ойын тұрақтандыру, ойларын жинақтап, бір арнаға тоғыстырып алу.Мұғалім балалармен бірге амандасып, тақпақ оқып, ән айтатын, жылы сөздер сыйлайтын маңызды шеңбер болып табылады.
Тыңдайық - ойланайық атты ұйымдастыру түрі бұл - өмірдегі жағдаяттар, шығармадағы кейіпкерлер мен өмірдегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты салыстыру. Атадан қалған асыл сөздерді түсіндіре отырып балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру.
Ойындар – баланың психикалық үрдістерінің, ойлау, есте сақтау, қабылдау,қиял дамуына көмектеседі.
Біз жас өскіндерді адамгершілікке бағыттау мақсатында ойындар ұйымдастыру арқылы оларды қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде барлық күш-жігерін жұмсауға, құрбыларына қолғабыс жасауға тәрбиелейміз. Осы арқылы бала өзіне баға берумен қатар белсенділігі де артады.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, иманды, мәдени - ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу –біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Сөз соңын Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз сөз жоқ, жеңіске жетесіздер деген Қаныш Сәтбаевтың сөзімен аяқтағым келеді.


Скачать


zharar.kz