Сабақ тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.
Сабақ мақсаты: 1. Еліме Тәуелсіздік қалай келді.
2. Тәуелсіздік ата - баба аңсаған сан ғасырлық арман екендігін түсіндіру. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы айтулы оқиғаларға толы.
3. Өз Отанын, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу. Болашаққа сеніммен қарап, елін, жерін сүйетін нағыз патриот болуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Н. Назарбаев Қазақстан картасы , Тәуелсіздік монументі , көк байрақ, елтаңба, 1991 жылғы желтоқсан құрбандары: Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира.
Желтоқсан оқиғасына қатысушы жерлестеріміздің пікірі, көргендері туралы альбом.
Сабақ барысы:
- Тәуелсіздік - достығымыз
Ынтымағы жарасқан.
Тәуелсіздік – ел бірлігі,
Асқақ арман таласқан.
Тәуелсіздік – өткеніміз,
Асулардан сан асқан.
Тәуелсіздік – ертеңіміз,
Арайланып таңы атқан.
Тәуелсіздік – ардагерім,
Ұрпақтармен жалғасқан.
Тәуелсіздік – аға жолы,
Болашаққа нық басқан.
- Балалар, біз қай елдің азаматымыз?
- Қазақ елінің.
- Ертең қандай мереке?
- Тәуелсіздікке 20 жыл.
- Тәуелсіздік дегенді қалай түсінеміз?
- Тәуелсіздік – еркіндік, бостандық, жігер, ешкімге бағынышты емес.
- Біз тәуелсіздікті қашан алдық?
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды.
- Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев
- Нұрсұлтан атамызды барлық халық жақсы көреді. Біз Нұрсұлтан атамыздың басшылығымен, көрегендігімен әлемге танымал болдық. Көптеген игі шаралар істелінді. Оңтүстік астана – бұрынғы Алматы. Қазіргі астана – Сарыарқа төсінен орын алған Астана. Астана – тоғыз жолдың торабы орталықта орналасқан. Күннен күнге көркейіп, дамып гүлденіп келеді. Біздің Тәуелсіздігімізге қол жеткізуіміздің бір себебі – 1986 жылғы Алматы қаласындағы жастардың алаңға шығуы. Көп жыл Қазақ елін басқарып келген Д. А. Қонаевтың орнынан алынып жоғары жақтан Кольбиннің қазақ
елін басқаруға келуі шеруге шыққан жастар Бізге қазақ басшысы керек әр елдің Өз басшысы болсын - деді...
Өзіңдікі елің де, өзіңдікі жерің де,
Өзіңді – өзің етпе бос, Тәуелсіздік төрінде,
Аман қалған шабуылдан жүздеген.
Батыр халық екенбіз ғой біз деген – деп ақын Қ. Мырза Әли
Республика, Ерікті ел – Қазақстан.
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан,
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан,- деп ақиық ақын Ж. Молдағалиев жырлағандай, 1991 жыл халқымызға егемендігін ала келді. Сөйтіп, 1991 жылдың 16 желтоқсаны ел тарихына алтын әріппен жазылды. Сол тәуелсіздіктің арқасында өз Туымыз, өз Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. 1993 жылы 28 қаңтарда еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданып, осы жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
1992 жылы 4 маусымда ел президенті Н. Ә. Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып: Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздігіміздің қасиетті туы мәңгі желбіресін - деген.