Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебін түсіндіру, бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалынғанын анықтауды үйренутаза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру
2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, таза, сауатты жазуға, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Әдісі - тәсілдері: Түсіндіру, оқыту, сұрақ - жауап, талдау, практикалық, баяндау.
Көрнекі құралдар: Тақырыптық суреттер, сызбалар, кестелер, үлестірмелі дидактикалық материалдар, тест тапсырмалары, бағалау парақшалары.

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық
Қатар – қатар тізіліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Түп – түзу болып тұрайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа – нақ
Дайындалдық бәріміз
1 – қатар жай отыр
2 – қатар тез отыр
3 – 4 – қатар сен де отыр
Сабақ бастар кез болып тұр.

Сыныпты 4 топқа бөлу.
1 – топ: Ыбырай ауылы
2 – топ: Абай ауылы
3 – топ: Жамбыл ауылы
4 – топ: Ахмет ауылы

ІІ. Өткенді қайталау.
Бәйге ойыны.
Әр топ сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы 10, 20, 30 ұпай жинайды.
1 – топ: Ыбырай ауылы.
10. Зат есім дегеніміз не?
20. Сөйлем дегеніміз не?
30. Сөйлемнің қандай үрлері болады?

2 – топ: Абай ауылы
10. Етістік дегеніміз не?
20 Сөйлем мүшелері деген не?
30. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

3 – топ: Жамбыл ауылы
10. Сан есім дегеніміз не?
20. Тұрлаулы мүшелер нешеге бөлінеді?
30. Бастауыш дегеніміз не?

4 – топ: Ахмет ауылы
10. Сын есім дегеніміз не?
20. Баяндауыш дегеніміз не?
30. Бастауыш қандай сөз табынан жасалады?

ІІІ. Сөзжұмбақ шешу.
З 4 х 5
Ы 20: 4
А 6 х 4
Ы 24: 4
Ш 3 х 4
С 5 х 5
Қ 4 х 4

С-25
Ы-5
З-20
Ы-6
Қ-16
Ш-12
А-24
ІV. Ережемен таныстыру.
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Досжан – студент. Абай – халық ақыны.

V. Көркем жазу минуты.
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Дәптерімізді ашайық.
Көркем етіп жазайық.
Әә Әә Әә
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.

VІ. Оқулықпен жұмыс.
1 – жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жазу. Бастауыш пен баяндауышты тауып, сұрақ қою.
Ғалия – үлгілі қыз. Құрманғазы – атақты күйші. Алматы – жасыл қала. Дәулет – озат оқушы.
VІІІ.
2 - жаттығу.
Мақалды жатқа жазу. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызу. Бастауыштан кейін сызықшаның қойылуын түсіндіру.
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.

VІІ. Ойын. Менің бағытым
Оқушы биледі
Әнші өсті
Балалар оқыды
Гүл шырқады
Биші ұшты
Ұшақ жүзді
Кеме ойнады

ІХ. Топтық жұмыс.
4 – жаттығу.
Сөйлемдерді баяндауышы да зат есім болатындай өзгертіп жазу.
Үлгі: Жандос күй тартты. Жандос – күйші.
1 – топ: Ыбырай ауылы. Жамбыл Жабаев өлең жазды. Жамбыл Жабаев – ақын.
2 – топ: Абай ауылы. Райгүл би биледі. Райгүл – биші.
3 – топ: Жамбыл ауылы. Анам ас пісірді. Анам – аспаз.
4 – топ: Ахмет ауылы. Раушан шаш қиды. Раушан – шаштаразшы..
5 – жаттығу.
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырып жазу.
Үлгі: Тіл – қарым-қатынас құралы.
1 – топ: Ыбырай ауылы. 1..... – білім беретін мекеме.
2 – топ: Абай ауылы. 2..... – жер қойнауын зерттейтін
3 – топ: Жамбыл ауылы. 3..... – жасы жетуіне байланысты құрметті демалысқа шыққан адам.
4 – топ: Ахмет ауылы. 4.....- темірден түйін түйетін адам.

Х. Сабақты бекіту.
Тест
1. Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін:
А) Зат есім
Ә) Бастауыш
Б) Баяндауыш
2. Қандай жағдайда сызықша қойылады?
А) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса
Ә) Бастауыш та, баяндауыш та етістіктен жасалса
Б) Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен жасалса
3. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді:
А) Сөз таптары дейміз Ә) Сөйлем мүшелері дейміз
Б) Сөз дейміз
4. Баяндауыштың сұрақтарын тап:
А) Кім? Не? кімдер? нелер?
Ә) Қандай? қай?
Б) Не істеді? Не қылды? Қайтты?
5. Бастауыштың іс-қимылын білдіретін сөзді тап:
А) Етістік
Ә) Зат есім
Б) Баяндауыш
6. Бастауыштың сұрақтарын тап:
А) Қандай? қай?
Ә) неше? нешінші?
Б) Кім? Не? кімдер? нелер?

ХІ. Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
3 – жаттығу. 74 бет.
Бастауыштан кейін сызықша қойып, өлеңді көшіріп жаз.
ХІІ. Бағалау.
Мұғалімнің айтқанын,
Сықтап ойға тоқимыз.
Бар ынтамен оқысақ
Кілең 5-ке оқимыз, - деп әр топтың жинаған ұпай сандарын санап, бағалау, мадақтау.


Скачать


zharar.kz