ОЖСБ ТЕСТ 4 - СЫНЫП
Материал жайлы қысқаша түсінік:
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептеуге тәрбиелеу.
Математика
1 - нұсқа
1. 8 ондықтан 8 - ді азайт
а) 88 с) 0
в) 72 д) 78
2. 28 шығуы үшін қандай санға 7 - ні қосу керек?
а) 21 с) 23
в) 35 д) 33
3. 50 саны 72 - ден қаншаға кем?
а) 20 с) 12
в ) 122 д) 22
4. 3 ондық және 5 бірліктің қосындысын тап.
а) 35 с) 8
в) 53 д) 80
5. Екі санның айырмасы 30 - ға тең. Азайтқыш 20 - ға тең. Азайғышты тап.
а) 60 с) 50
в) 10 д) 40
6. 28 қыз лапта ойнады. Олар ұлдардан 4 есе көп болды. Қанша бала лапта ойнады?
а) 140 с) 112
в) 35 д) 7
7. Түптеу шеберханасына 25 кітап әкелінді. Бірнеше кітап түптеген кезде 8 кітаптан 2 бума қалды. Түптелеген кітаптар санын тап.
а) 9 с) 16
в) 41 д) 17
8. Залда 16 үлкен доп және одан 8 - ге кем кішкентай доп бар. Үлкен доптар кіші доптардан неше есе артық?
а) 8 есе с) 4 есе
в) 3 есе д) 2 есе
9. 4 төсек жамылғысына 16 метр мата жұмсалады. Осындай 8 жамылғыға қанша мата кетеді?
а) 8 метр
в) 32 метр
с) 2 метр
д) 12 метр
10. Бір күнде туристер 100 км жол жүрді. 84 км жолды олар автобуспен, қалғанын жаяу төрт сағатта жүрген болса, туристер бір сағатта қанша жол жүрді?
а) 6 км с) 4 км
в) 20 км д) 21 км
11. Жүк пайызы 8 сағатта 256 км жол жүрді. Жүрдек пойыз жүк пойызынан сағатына 22 км жылдам жүреді. Жүрдек пойыз 5 сағатта қанша км жол жүреді?
а) 270 км с) 278 км
в) 160 км д) 66 км
12. Тік төртбұрыштың ауданы 96 см2, бір қабырғасы - 12 см. Тік төртбұрыштың периметрін есепте.
а) 96 см с) 40 см
в) 20 см д) 36 см
13. Есептің қысқаша жазбасына тура келетін шешімін тап.
1 кітап - 36 бет
12 беттен неше күн
2 кітап - 48 бет
а) (36+48)- 12=72 (күн)
в) (48 - 36): 12=1 (күн)
с) (48 - 36)+12=24 (күн)
д) (36+48): 12=7 (күн)
14. Берілген есептің жауабына қай жазу сәйкес келеді?
32 - (6+8)=18 (м)
а) Болды - 6м және 8 м в) болды - 32 м
Сатылды - 32 м Сатылды - 6 м және 8 м
Қалды -? Қалды -?
с) 1 - 32 м д) Болды - 32
? сатылды -? 6п. 8 м - ден
2 - 6 м және 8 м Қалды -?
15. 28 санының бірінші разрядына қанша бірлік бар?
а) 8 с) 10
в) 2 д) 20
ОЖСБ
2 - нұсқа
Әдебиеттік оқу
1. Шықшы тауға, қараша кең далаға,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
О шеті мен бұ шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма? Өлеңінің авторы кім?
А) М. Мақатаев б) К. Оразбекұлы
С) Қ. Жұмағалиев Д) Қ. Аманжолов
2. Көбінесе тарихта болған адамның басына құрылған шығарма:
Аңыз С. Ертегі
Мысал Д. Әңгіме
3. Адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді
а) сатира в) теңеу с) әсірелеу д) лирика
4. Адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарма:
Аңыз С. Мысал
Ертегі Д. Әңгіме
5.. Шөже мен Орынбайдың арасындағы айтыс айтыстың қай түріне жатады?
а) жұмбақ айтыс в) ақындар айтысы с) тұрмыс - салт айтысы д) қыз бен жігіт айтысы
6. Жолбарыспен айқас қай батырлар жырынан үзінді?
а) Ер Тарғын в) Қамбар батыр с) Алпамыс батыр д) Қобыланды батыр
7. Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлеуін қалай атайды?
Диалог С. Кейіптеу
Монолог Д. Сипаттау
8. Туған жердің ыстығы - ай әңгіменің негізгі кейіпкерін ата?
А. Нар түйе С. Жылқы
Б. Ермекбай Д. Қылыш
9. Шешендік сөздер дегеніміз не?
а) халыққа танымал болған тұлғалардың тапқыр сөздері
в) екі ақынның арасындағы сөз жарысы
с) ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі
д) тарихта болған адамның басына құрылған шығарма
Авторы: Құрақова Жазира Сембайқызы
ОЖСБ тест 4 сынып жүктеу