Тіпті халық арасында жаман ауру деп аталып келе жатқан қатерлі ісік ауруына бірден - бір себепкер

Скачать

Астана қаласы №53 мектеп –лицей
биология пәні мұғалімі: Князова Ақмарал Қамбарбекқызы

Баяндама
Тақырыбы: Тұрмыстағы жуғыш заттардың зиянды әсерлері
Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген ыдыс және кір жуатын тауарлардың құрамында 55 мыңнан астам біздің ағзамызға қауіпті химиялық қоспалар бар екен. Олар көзге, тыныс алу жолдарына әсер етіп, жүйке жүйесі ауруларына шалдықтырады екен. Тіпті халық арасында жаман ауру деп аталып келе жатқан қатерлі ісік ауруына бірден-бір себепкер. Соңғы жылдары тұрмыста қолданылатын химиялық заттар түрі өте көбейіп кетті. Түрлі хош иісті сабын, сусабын, гель, кір жуатын ұнтақ сияқты жуынуда, кір жуу процесінде қолданылатын заттардың құрамында әр-алуан химиялық қоспалардың бар екені шындық. Міне, осы заттардың адам ағзасына тигізетін әсерінің жоқ емес екенін де ешкім жасыра алмайды.

Тұрмыстық химиялық өнімдер өміріміздің бір бөлшегіне айналды десек, артық айтпаймыз. Алайда, бұл өнімдер ағзамызды улап, су, топырақ, ауаны, бір сөзбен айтқанда, табиғи ортаны кірлетіп отырғаны жайлы ойландық па? Тері, ауыз, асқазан аурулары мен жүйке жүйесінің бұзылуына себепкер екенін білеміз бе? Еуропа, Америка елдерінде жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде химиялық қоспасы бар өнімдердің адам ағзасы үшін қауіпті екені дәлелденді.

Фосфат – кір жуғанда суды жұмсартып, кірді кетіреді. Оның құрамындағы кірді ағартатын химиялық қоспалар мен жуылған кірге хош иіс беретін заттар жуылған мата талшықтарында қалып қояды. Оларды шайып шығару үшін кемінде кірді 7-9 рет таза сумен шайқау керек. Шынына келгенде, жуылған кір 2-3 рет қана шайылады да, олардың бәрі матада қалып қояды, сөйтіп адам ағзасына зиянын тигізеді. Мысалы, қышыма, қотыр сияқты тері дерттері осыдан келіп шығады екен. Адам терісін де шектен тыс құрғатып жібереді. Кір жуғанда қолдың құрғап, тіпті қызарып кетуіне де осы кір жуғыш ұнтақтың құрамындағы фосфат элементі себепші.

Үлкен перзентханада қысқа уақыттың ішінде оншақты жаңа туған сәби түсініксіз жағдайда қайтыс болған. Тексеріп қарағанда оларды ораған жаялықтарда кір жуу ұнтағының құрамындағы фосфаттың мөлшері 60 пайыздан артып кеткен. Дәрігер мамандар осы химиялық қоспа балалар өліміне себепші болған деген тұжырым жасады. Егер кішкентайлар ұйықтар алдында белгісіз бір себептерге байланысты жыбырлай берсе, онда оған төсеніштерді жуатын ұнтақ себепші екенін ұмытпаңыз.

Сонымен қатар, ыдыс-аяқ жуатын химиялық қоспаларға да назар аударған жөн. Ыдыстарда шайылмай қалған химиялық заттар тамақпен бірге ілесіп, адам ағзасына залалын тигізеді. Бүгін Европа құрамында табиғи түрдегі заттары бар ыдыс-аяқ жуатын құралдарды әлдеқашан мойындап, оларды шығаруды өндірістік жолға қойды. Яғни, химиялық қышқылдарды жойып, соның негізінде адам ағзасына тамақпен түсетін химиялық қоспаларды залалсыздандыруға көмектеседі.

Мысалы, қарапайым май кетіретін сұйықтықтардан кейін жуған ыдысымызды сірке қышқылы қосылған сумен бір-екі рет шайқап алғанымыз жөн. Себебі, құрамында ағзаға қауіпті канцероген қоспасы бар. Айғайлап жарнамалап жататын жуғыш өнімдерінің құрамында фосфат пен хлор мөлшерден тыс екен. Кір жуу ұнтағында фосфаттың мөлшері 5 пайыздан аспау керек. Ал хлор болса, канализация жүйесіндегі органика қоспалармен араласқан кезде трихалометан деген өте қауіпті химиялық затты ортаға шығарады. Сонымен қатар бұл өнімдердің құрамында иістендіруші, түс беруші мұнай қоспалары бар. Тұрмыста табиғи сабынды және жуғыш өнімдерін жасауға бола ма?

Ол үшін сода, карбонат, ұшпа өсімдік майлары, сірке қышқылы мен бура (натрий бор қышқылы) қажет. Бура — суда тез еритін, сырт келбеті нафталинге ұқсас бор қосындысы. Ол жалпы тазартушы ретінде қолданылады. Түрлі иісі бар, дақ шығару, бактериялардың көбеюіне қарсы тұру ерекшеліктері бар. Сода май дақтарын шығарады, суды жұмсартады.

Табиғи ыдыс жуу ұнтағын қалай жасауға болады? Бұл ұнтақты жасау үшін бір стакан натрий бор қышқылы, бір стакан ас содасы және стаканның төртте бір мөлшерінде ас тұзы мен лимон тұзы қажет. Егер де ыдыстарыңыздың хош иісті болғанын қаласаңыз, апельсин, лимон, мандарин майларын қосуыңызға болады. Жасалу тәсіліне келсек, пластмасса ыдысқа ең алдымен ас тұзына 30 тамшы өсімдік майын қосып, жақсылап араластырылады. Содан кейін жоғарыда көрсетілген заттар қосылады. Дайын болған қоспа қараңғы жерге қойылады.

Ыдыс жуғанда ұнтақтың 1-1, 5 ас қасығын қосыңыз. Кір жууда көп қолданылатын ағартушы жуғыш та зиянды. Құрамында хлор, натрий гидроксиді, парфюм бар. Сонымен қатар карбон тетрахлор, хлороформ сияқты заттар бар. Бұл заттар қатерлі ісік ауруын тудыруы әбден мүмкін. Ағартушы құрамындағы аммиак тазартқыштармен қосылған кезде зиянды газдар ортаға шығады екен. Ал бұл газ адамның тыныс алуын қиындатып, өкпенің қабынуына жол ашады. Кір жуу ұнтағының құрамындағы суда ерімейтін аммиак пен мұнай қоспаларының адам денесіне залалы орасан зор.

Тыныс демікпесі ауруына шалдыққандар, аллергия, экземаға сезімтал терілері барлар кір жуу ұнтақтарын қолданыстан мүлдем шығаруы керек. Сонымен қатар жұмсартушылар да зиянды. Сонымен қатар ағзамызды шипалы шөптермен тазартуға болады. Түйе тікені бауыр ауруына, жасыл шай қатерлі ісік дертіне қарсы, аю жүзімі бүйрекке, қарныжарық шөбінің дәні іш құрылысқа пайдасы бар. В1, В2, С, А, Е дәрмендері бар тағамдарды қолданғанымыз жөн.

Құрамында фосфат элементі бар кір жуатын ұнтақтар қоршаған ортаға да көп залал келтіретінін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп шықты. Кір жуғыш ұнтақтардан басқа өндірісте және ауыл шаруашылығында жүздеген мың тонна сульфат, хлорид элементтері пайдаланылады. Олар да суды залалдап отыр. Бұдан шығатын қорытынды – адам өміріне төнетін қауіп-қатер жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көреміз. Және бір мысал келтірейік. Өткен ғасырдың 70 жылдарында теңіз суының бір текше метрінде 50 грамм микроорганизмдер болған, ал бүгінде бұл көрсеткіш 1000-1200 граммға жетіп отыр.

Қазір дүниежүзінің кейбір елдерінде құрамында фосфат элементтері жоқ кір жуғыш ұнтақтарды шығару жолға қойылған. Әсіресе, Германияда, Норвегияда, Австрия мен Италияда кір жуғыш ұнтақтарына фосфат химиялық қоспасын қосуға қатаң тыйым салынған. Тайвань, Гонконг, Тайланд елдері де осы тізімге кіреді. Тіпті, мұндай елдерде автокөлік жуатын сусабын да фосфатсыз жасалып шығарылады. Адам ағзасының 80 пайызы судан тұрады.

Сондықтан да адам денесіндегі су қорын толтырып отыру қажет. Бір сөзбен айтқанда, адам күніне 3-4 литр су ішетінін ескерсек, ауыз судың маңызы, оның тазалығы туралы айтылып жүрген пікірлердің дұрыстығын әркім де қолдайды. Кір жуғыш ұнтақтардан басқа өндірісте және ауыл шаруашылығында жүздеген мың тонна сульфат, хлорид элементтері пайдаланылады.

Олар да суды залалдап отыр. Бұдан шығатын қорытынды – адам өміріне төнетін қауіп-қатер жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көреміз Бүгінде дүкен сөрелерінде самсап тұрған құрамында фосфаты өте көп кір жуу ұнтақтарын зерттеп, тексеретін уақыт жетті. Кір жуғыш және тазалағыш заттарды жоғарыда аталған елдерден алдырса, немесе өзіміздің отандық өндірушілер жасап шығарса, соңғы кездері аса көбейіп кеткен аллергиялық аурулардың азаюына мүмкіндік туар еді.


Скачать


zharar.kz