Бала бақытының құпиясы Ата - аналардың көпшілігі балаларының жағдайын жасауға барынша күш салады, балада бәрі болуы керек: ойыншықтар, тәлім - тәрбие, білім

Скачать

Бала бақытының құпиясы

Ата-аналардың көпшілігі балаларының жағдайын жасауға барынша күш салады, балада бәрі болуы керек: ойыншықтар, тәлім-тәрбие, білім. Дегенмен де, үлкендер баланың шын бақытын ұмытып кетеді. Балақайдың бақытты сезінуі үлкен өмірге аяқ басарда яғни есейген кезінде өміріне әсер етеді. Бала өзін бақытты сезінуі үшін көп нәрсе қажет емес: өзінің сүйікті болуын және қорғаны бар екенін сезіну мен ертеңгі күнге үрейсіз қарау.

Балаңызды бақытты ету үшін сізге не қажет?
● қандай жағдай болмасын сүю;
● сенім арта білу;
● мақтау, мадақтау;
● мүмкіндіктер жасау;
● бақытты сәттерден естеліктер жинау.

Бала өзін бақытты сезінуі үшін оның еңбегін ескеру қажет емес, сіздің өміріңіздің мәні екенін біліп өсуі керек. Ата-ананың өмірінде өз маңыздылығын ұғыну бала кезде ғана емес, есейген уақытта да ең қиын минуттарда балаға қолдау болады. Баланың мінез-құлқы қандай қиын болсын, ата-ана балаға ыңғайлы жағдай жасауы керек. Баланың өміріндегі маңызды іс-шаралар мен оқиғаларды ұмыт қалдырмауы тиіс, балабақшадағы ертеңгілік шаралары немесе спорттық шаралар т. б.

Ата-ана баланың неге қызығатын ескеріп қалаған ісімен шұғылдануына мүмкіндік жасауы қажет. Көбіне ата-аналар өздерінің іске аспаған армандарын баласы айналысуына итермелеп қателік жасайды. Үйірме түрлерін таңдағанда, ол балға қаншалықты қызығушылық туғызатынын ескеріңіз.

Баланың үйірмеге дұрыс және тұрақты қатысуы үшін ынталандырып отыру керек. Үйірмені жақсы аяқтағаны үшін – сыйлық жасаңыз. Алайда қалағанын сатып алып беріп, баланы шамадан тыс еркелетін жібермеңіз. Балақай қалағанына қол жеткізу үшін еңбектенуге тура келетінін түсінуге тиіс. Балаңыз ақша санауды үйренген болса дүкеннен сүт әкелуге жұмсаңыз немесе пеш үстіндегі шайды бақылап тұруын сұраңыз.

Ата-ананың шамадан тыс өбектеуі мен қамқорлық танытуы баланың өзіне деген сенімін жоғалтуы мүмкін. Егер балдырған әлдеқандай іс-әрекет орындауға ұмтылысын байқасаңыз оған қандай да бір тапсырма беріңіз. Ата-анасының сенім артатынын көріп, балан оны барынша ақтауға тырысады. Сонымен бірге, балаға өзіне ұнайтын балалармен достасуына мүмкіндік берген жөн.

Баланың алғашқы нәресте кезінен бастап, жағымды сәттерінен коллекция жинай бастаған дұрыс, кейін есейген кезде балалық шағынан жағымды естеліктерді еске алу үшін. Ол естелік суреттер немесе баланың өз қолымен жасаған заттары т. б. болуы мүмкін. Балалар жарқын әсер алатындай жерлерге шығып тұрудың пайдасы көп, табиғат аясына жиі саяхат ұйымдастырып тұрыңыз. Осындай орындардан бақытты балалықтың естеліктері сақталады.

zhenskoeschastie. com

Дайындаған: Жадыра


Скачать


zharar.kz