Балалар біздер математика сабағында нелерді өтіп едік

Скачать

Тәрбиеші: Кульчикова М.
Білім саласы: Таным
Оқу іс - әрекет: Математика
Тақырыбы: 2, 3, 4, 5 сандарының құрамы
Мақсаты: Сандардың құрамы жайындағы білімді қолдану және білімдерін толықтыру.

Іс әрекет сатысы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балалар шаттық шеңберіне тұрып амандасайық.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеткендер.
Өсті ақыл ойларың
Өсті, міне, бойларың.
Иіліп сәлем береміз,
Әдепті боп өсеміз

Ұйымдастырушылық ізденушілік:
- Балалар жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Кім маған 3 айды атап береді?
- Бір аптада неше күн бар?
- Кеше, бүгін, ертең ұғымдарын сұрау.
Балалар біздер математика сабағында нелерді өтіп едік.
Кәзір біздер санап көрейік.
Кім маған кері санап береді.

Дидактикалық ойын: Көршісін тап
Мақсаты: Мен бір санды айтып бір балаға допты лақтырамын, бала допты қағып алып, допты кері лақтырып санның көршісін табады Балалар ойын ұнады ма?
Балалар, енді дәптеріміздің бетін ашамыз Балалар 36 - 37 бетті ашамыз. 3 - 6, 3 - 7
4 санның құрамы.
5 санның құрамы. Бірінші үйдің ішіндегі дөңгелекті санаймыз 4 дөңгелек. Енді астындағы 3 оған 1 дөңгелекті қосамыз. Әр қарай жалғастырамыз.
5 санның құрамын 4+1 саны қосқанда 5 болады.
Кірпіге алмаларды екі себетке әртүрлі болатындай етіп бөліп салуға көмектес, біреуіне 2алма, екіншісіне 3 алма саламыз, бірінші 1 алма, екіншісіне 4 алма.
Орнымыздан тұрамыз. Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір. Бұрыламыз солға бір Отырамыз, тұрамыз. Біз шынығып аламыз.
Барлық жапырақтағы қанқызы тең болу үшін, неше қанқызы қосу керек?
Тиісті санды қоршап сыз. Жапырақтың үстінде 3 қаңқызы тұр. 5 болу үшін неше қанқызыны қосамыз. Жапырақта 2 қанқызы бар, 5 болу үшін неше қаңқызы қосамыз. Жапырақта 4 қаңқызы бар, 5 болу үшін неше қаңқызы қосамыз. Жапырақта 1 қаңқызы бар, 5 болу үшін неше қаңқызы қосамыз. Жапырақта 5 қаңқызы бар, 5 болу үшін неше қаңқызы қосамыз.
Үшбұрыш үстінде, ал шеңбер астында болсын
Шаршы үстінде, ал үшбұрыш астында болсын. 1) Құралай тақтаға екі Үшбұрыш, үш шаршы, Тікбұрыш, шеңбер және сопақша салды. Құралай Тақтаға қанша төртбұрыш салды?

[ hide]


Скачать


zharar.kz