Қызыл Орда облысы,
Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы,
№24 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Қаман Күлмараш Болатқызы
Сабақтың тақырыбы: Word Pad бағдарламасында мәтіндерді және суреттерді кірістіру.
Мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға мәтін теруді, түзетуді, пішімдеуді құжаттарды сақтауды, суреттерді кірістіруді түсіндіру, үйрету
2) Тәрбиелік: Оқушыларды компьютермен жұмыс істеуді ұқыптылыққа дәлдікке тәрбиелеу
3) Дамытушылық: Оқушылардың теориядан алған білімдерін практикада қолдану, пәнге деген қызығушылығын, компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Түрі: Ойын сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Әдісі: Түсіндіру сұрақ-жауап, оқушы-мұғалім, оқушы-компьютер
Көрнекілігі: Слайдтар, Типтер
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
2030 жылғы сапар ойыны.Болашаққа қол жеткізу мақсатында 2030 жылғы сапар ойынын ойнаймыз. Артында әр сабаққа слайдтар бейнеленген , яғни 2030 жылғы жету үшін осылардан өту керек. Ең соңғы сабағымыздың кезеңінде экранға бәйтеректің символының бейнесі шығады. Ол бейнені ашқанда 2030 жылға хош келіпсіз деген жазу болады.
І Кім жылдам?
Үй тапсырмасын Activ Wod тест функциясын пайдаланып тест беру арқылы сұраймын
Тест 5 сұрақтан тұрады, тек бір жауабы дұрыс.
1.WordPad мәтіндік редакторы не үшін қолданылады?
А) Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік береді.
Б) Қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
В) Барлық жауап дұрыс.
2. WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолы
А) Пуск→Программы→Стандартные→ WordPad
Б) Пуск→Программы
В) Барлық жауабы дұрыс
3)Файлды Сақтау командасы қайсысы?
А) Файыл→Создать
Б) Файыл→Открыть
В)Файыл→Сохранить
4)Файл Печать командасын орындау арқылы
А) Құжат ашу
Б) Құжат сақтау
В) Құжатты баспаға шығару
5) Файл Открыть командасын орындау арқылы
А) Құжат ашу
Б) Құжат сақтау
В) Құжатты баспаға шығару
Кім жүйрік ?
А Тапсырмасы
1) Мәтінді тер
2) Тақырыбын 18 қарпімен, қалғандары 14 қаріпімен жаз
3) Құжатты сақта
В тапсырмасы
1) Мәтінді тер
2) тақырыбын 20 қаріппен, қарайтылған және түсін қызыл степ пішінді.
3) Қаріпін 18 қаріппен, әр қатарды әр түрлі түспен пішімде
4) Құжатты сақта
Карта Казахстан
Взгляните на карту,
На наш Казахстан.
Там снежные пики,
Степной океан.
С Тапсырмасы
1) Мәтінді тер
2) Барлығын да 14 қаріппен тер
3)Бірінші сөйлемді қарайтылған, екінші сөйлемді курсив, үшінші сөйлемді асты сызылған степ пішімде .
4) Құжатты сақта
Spring
One of seasons of the year is- spring. Spring months are March, April ond May. Spring is a beautiful season.I Like Spring best of all.
III. Сергіту сәті
Қолдың саусақтарына арналған жаттығуды жасатамын.
Біз компьютер арқылы көптеген мәселелерді шешеміз. Компьютердің пайдасымен қатар бізге зиянды да жері бар.
Компьютер құрылғыларының ішінде қайсысы зиян деп ойлайсыңдар?( оқушылар жауап береді)Ал пернетақта одан да қауіптірек екен.
Қолды алдыға созып, қатайтпай бос ұстаймыз.
1 жаттығу
2 жаттығу
3 жаттығу
IV. Шығармашылық жұмыс
Оқушылардың Paint бағдарламасында салған суреттерін WordPad бағдарламасына көшіру. Шығармашылық жұмыстарын көрсету.
Бағалау парағы
Сыныбы_____
Оқушының аты жөні_______
Кім жылдам?
А тапсырмасы
В тапсырмасы
С тапсырмасы
Шығармашылық жұмыс
Қорытынды баға