Кіріктелген білім беру саласы: Коммуникация , Шығармашылық
Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет , Сурет
Блок тақырыбы: Менің қоршаған әлемім
Апта тақырыбы: Музыкалық аспаптар
Тақырыбы: Қай аспаптың дыбысы Алақан
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға музыкалық аспаптардың дыбысын білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, алақандарына бояуды жағып қағаз бетіне бастыруға үйрету.
Дамытушылығы: Аспаптардың дыбысын есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Алақанға бояды жаға білуді қалыптастыру. Әсемдік талғамын дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды ұқыптылыққа, әдемілікке баулу. Өзінің бейнелеген жұмысының нәтижесіне қуана білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: Аспап түрлері, субояқ, губка, ақ парақша, сулы сүрткіш.
Жүру барысы:
- Балалар бүгін ерекшк күн, бізіге қонақтар келіп отыр. Олай болса амандасайық.
Шаттық шеңбер:
Ал кәнекей тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Аспаптарды алайық
Біз оркестр құрайық.
Ғажайып сәт:
Есік қағылды.
- Тыңдаңдаршы балалар бір дыбыс естілетін сияқты.
- Балалар қараңдаршы, бізге Ботақан тобынан сиқырлы қоржын беріп жіберіпті.
- Қоржынды ашып қарайық, не бар екен?
- Бұл не, балалар?
- Домбыра.
- Ендеше, балалар домбыраның дыбысын тыңдайықшы.
- Қоржынды тағы қарайық.
- Бұл не?
- Дауылпаз (барабан)
- Балалар біздің сиқырлы қоржынымызда тағы бір нәрсе қалған сияқты.
- Бұл не балалар?
- Сылдырмақ.
- Домбырамен ән айтылып, күй тартылды.
- Дауылпаздың үнін мейрамдарда естиміз.
- Сылдырмақ оркестр құрамында ойналады.
Дидактикалық ойын: Дыбысын ажырат
Ал енді аспаптармен таныстық, дыбысын ажыраттық, ендеше серігіп алайық.
Сергіту сәті:
1, 2, 3
Демаламыз жинап күш
Субояқты аламыз
Алақанды басамыз.
- Балалар біз серігіп алдық, енді алдарымыздағы ақ қағазға субяоқпен әдемі алақанымызды басамыз.
- Жарайсыңдар! Өте тамаша!
- О, балалар алақандарың қандай әдемі!
Дидактикалық ойын: Музыкалық аспаптарды құрастыр
Қортынды:
- Балалар сабақ с ендерге ұнады ма?
- Балалар жауабы.
- Қандай аспаптармен таныстық?
- Домбыра, Дауылпаз, Сылдырмақ.
- Ненің суретін салдық?
- Алақанның.
- Ия, дұрыс
Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№33 Көркемай балабақшасы I кіші топ тәрбиешісі
Ситкалиева Анаргул Боранбаевна