Ана тілі батыры

Скачать

Бастауыш сыныптар апталығының ашылуы

Тақырыбы: Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тарих ғасырлар куәсі бастауыш сыныптар апталығының ашылуы
Мақсаты:
• Бастауыш сынып оқушыларының алған білімдерін тиянақтау, жетістіктерімен бөлісу, жаңалықтармен алмасу;
• Оқушыларды бір ұжыммен жұмыс істеуге баулу;
• Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;
• Білімдерін одан әрі жетілдіруге дамыту;
• Тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттау арқылы отансүйгіш болуға бағыттау.
Түрі: Сыныптан тыс іс – шара
Көрнекіліктері: хан, уәзірлер, батырлар, билер театрландырылған көрініс.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды салтанатты кешке тұрғызу.
1 - Хан: - Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі күн төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Есеп шешіп, жарысып
Жұмбақ шешейік аңдысып
2 - Төле би:
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді апта жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
3 - Қаз дауысты Қазыбек би
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркіңді билеп барынша
Жарыста сірә, қалыспа
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.
4 - Әйтеке би
Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.
О - о - ой, бір қызық апта болар,
Өздеріңмен бес болар.
5 - Хан
Барлықтарыңызды пәндер апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!
Бүгінгі күні барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін төр үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық.
6 - Дүниетану батыры:
Табиғаттың бар байлығы даламда
Жер – Ананың жаттығы жоқ адамға
Тамақ та, киім де, денсаулық та
Бәрі, бәрі табиғаттың қолында
Күтіңдер, баптаңдар, көбейтіңдер көркейтіңдер
Үнемде жетеді адам затына
Барлығы мына менің қолымда
Ол мына менмін дүниетану пәнімін.
7 - Ана тілі батыры:
А - дан сыр шерткен,
Барлық пәнді үйреткен.
Ардақтап мен оқимын,
Ана тілін құрметпен.
Ана тілді білмесем,
Шат - шадыман күлмес ем.
Жер бетінде сайраңдап,
Қазақ болып жүрмес ем.
8 - Математика батыры:
Терең ғылым, сананың,
Тегі деп ой саламын.
Маңызды деп оқимын,
Математика сабағын.
Табиғаттың сыры бар...
Тарихты да ұғып ал.
Кемдігі жоқ бәрінің,
Пәндер аты қыруар.
9 - Хан:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып, мықтыларға арналған бастауыш пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз!


Скачать


zharar.kz