Тақырыбы: Қайталау операторы (слайд)
Жаңа сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың оператор дегеніміз не екенін, оның нешеге бөлінетінін еске түсіру. Қайталау операторы туралы түсіндіру. Тапсырмаларды орындау барысында орындалатын әрекеттер тізбегі ретінде оператор түсінігін беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды қайталау операторларын есепте пайдалануға үйрету. Оқушылардың пәнге қызығушылығын әр түрлі тапсырмалар арқылы дамыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
3. Тәрбиелілік: Оқушыларды мәдениетке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру, практикамен байланыстыру.
Пәнаралық байланыс: математика
Қолданатын көрнекіліктер: Видеопроектр, компьютер құрылғылары, бағалау парағы.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс: Қайталау операторының анықтамасын, операторлардың жазылуын, берілген тапсырмалардың программасын құруды.
Сабақтың барысы:
• 1 - кезең. Берілген үй тапсырмасын №9(а) есепті компьютерден тексеру, Бой сергіту сұрақтары арқылы үй тапсырмасын бекіту.
• 2 - кезең. Жаңа тақырыпты оқушыларға презентациялық көрсетілім арқылы түсіндіріп өту. Қайталау операторлары туралы түсінік беру, оны программа барысында қолдануға үйрету.
• 3 - кезең. Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылардан тест сұрақтары бойынша жауап алу, тексеру.
• 4 - кезең. Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау. Үйге тапсырмасын беру.
1 - кезең. №9(а) есеп.
Program esep9;
Var x, y: real;
Begin
Write(‘x енгіз: ’);
Readln(x);
If (- 2