Мазмұнын сұрау

Скачать

Мақсаты: Бидай мен қаңбақ мысалын оқи отырып, Бидайдың қаңбаққа қойған өзіне өзінің берген бағасы туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқи білуге баулу.
Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқулық, үлестірмелер
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Байлық , жұмыстың жылуы тақырыптарын оқыту.
2. Сұрақтарға жауап алу.
3. Мазмұнын сұрау.

ІІІ, Өткенді пысықтау.
Денсаулықты не үшін байлық дейміз?
Жұмыс қалай жылу береді?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Бидай мен қаңбақ

Ү. Жаңа сабақ.
а Бидай мен қаңбақ мысалын оқып, мазмұнын ашу.
ә мысалды оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке - жеке оқу

ҮІ. Білімдерін тексеру.
а сұрақтарға жауап алу.
1. Қаңбақ Бидайға не деп тіл қатты?
2. Қаңбақ бидайдан қандай жауап алды?
3. Уф десе ұшасың, суф десе қонасың дегенді қалай түсінесің?
4. Дұрысын айтқан Бидай ма, Қаңбақ па?
Оны өздерің салмақта...
ә тапсырмаларды орындау.
1. мәтіннен Бидайдың Қаңбаққа айтқан сөзін тауып оқу.
2. Бидайдың өзіне өзінің берген бағасы туралы көзқарасыңды білдір.
б Сергіту сәті.
в жаңылтпаштарды оқып, жаңылмай айту.
г Жұмбақты шешу.
Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді. қаңбақ

ҮІІ Қорыту. Бүгін не өттік? Мысалда не туралы айтқан.
ҮІІІ Үйден: 1. мысалды мәнерлеп оқу. 2. бағалау.


Скачать


zharar.kz