ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Скачать

Алтын белгі иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды

Білім гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурс комиссиясы Алтын белгі иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грантқа ие бола алмауы мүмкін деген алдын ала қорытынды шығарды, деп хабарлайды Baq. kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 2059 Алтын белгі иегері оқуын еліміздің ЖОО - да жалғастыруға ниет білдірді. Алайда, олардың дені бәсекелестік деңгейі жоғары қаржы - экономикалық немесе әлеуметтік - гуманитарлық бағыттағы мамандықтарды таңдап алып отыр. Көпшілік елімізде соңғы жылдары индустриялық - инновациялық даму басымдықтарына көп көңіл бөлініп жатқанын ескермей келеді. Биыл да мемлекеттік гранттардың көп бөлігі аталған басымдықтарды жүзеге асыруды көздеп, еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағытталып отыр.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындардың басшылығымен бірлесіп, мемлекеттік гранттарды ала алмай қалған Алтын белгі иегерлерінің істерін жеке - жеке қарастырып, олардың ЖОО қаражаты есебінен білім алу мүмкіндігін қарастырмақ.


Скачать


zharar.kz