Жұмекен Нәжімеденов өлеңі
Жер байғұстың бағына,
әй, жаумады - ау, жаумады.
Тұр ма ана бұлт тағы да
басқа жаққа ауғалы?!
Әр көріністе - мағына,
сенде мағына жоқ па әлі?
Мыс - табақ күн, тағы да
барамысың батқалы?!
Үйім тарлау - о да мұң;
қысылмасын деп мені,
қимайтұғын қонағым,
отырмысың кеткелі?!
Жыл қанатын қомдады,
қанаттыға - бекер сын.
Құс – дәуренім, сен - дағы
бір күні ұшып кетерсің?!
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебі
3 сынып оқушысы Мейрамгалиқызы Гүлсезим
Сынып жетекшісі Шайпакова Алия