Сабақтың тақырыбы: Атом-молекулалық ілім
Мақсаты:
Білімділік: Атом –молекулалық ілім туралы білімді меңгерте отырып, тың мәліметтер беріп, шынайы білімді қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере , өз бетінше жұмыс жүргізе білуге үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, таблицалар.
Сабақтың түрі: кіріктірілген
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, есеп шығару, АКТ, СТО.
Пәнаралық байланыс: химия, физика, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Ой қозғау
2. Сандарды сөйлетейік ойыны ойналады.
3. Семантикалық карта толтыру
ІІ. Жаңа сабақ
1) Мағынаны ашу
2) Электрондық оқулықпен жұмыс(физика, химия пәнінің мұғалімдері)
3) Оқушылардың шығармашылық жұмыстары
4) Есептей білсең, есің түгелденеді
5). Тест, диктант
ІІІ. Қорытындылау(атом – молекулалық ілім тірек-сызбасы)
IV. Бағалау
V. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру
1 Ой қозғау
1. Зат массасының сақталу заңы дегеніміз не?
2. Ағаш жанған соң аздаған ғана күл қалды. Неге ағаштың массасы күлдің массасына тең емес?Қалған өнімдер қайда кетті?
3. Химиялық теңдеу дегеніміз не??
2. Сандарды сөйлетейік ойыны ойналады.
3. Семантикалық карта толтыру
Су Алтын Күміс Оттегі Ас тұзы
Au
O
H2O
NaCl
Ag
ІІ. Жаңа сабақ. 3.
Мағынаны ашу:
Заттар, атом, молекула дегеніміз не?
Атом грекше бөлінбейтін деген сөз.
Атом – заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.
Жай заттар және күрделі заттар дегеніміз не?
Кез келген күрделі заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі –оның молекуласы.
Сендер физика пәнінен молекулалар атомдардан құралатынын білесіңдер. Физика пәнінің мұғалімі Күлпан апай атом және молекула туралы мәліметтер береді. Атом – бөлінбейтін кішкентай бөлшек.
Ол элементар бөлшектер жиынынан тұрады. (электрон, протон, нейтрон) Электрон ядроны айнала қозғалады. Атомның электрондық қабатшаларын түзеді. Табиғатта 92 атом бар. Олар ядродағы протон санына қарай ерекшеленеді. Химия пәнінің мұғалімі Мейрамкүл апай. Молекула – бірнеше атомдардың байланысуынан түзіледі. Ол заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі. Судың молекулалық құрылысы бейне көрініс. Физика пәні мұғалімі:Әр зат молекуласы әр түрлі. Қасиеті әр түрлі заттарды бір ғана элемент атомдарынан алуға болады. Мысалы: жұмсақ графит және ең қатты зат алмас. Екеуі де көміртегі атомдарынан тұрады. Молекула өлшемін анықтау. d =V S
d- диаметр; V-көлем; S-аудан; m =18г; суда 6*1023 молекула бар
Молекулалардың қозғалысы(электрондық оқулық бейне көрініс) Денені құрайтын бөлшектер үздіксіз қозғалыста болады. Шыны ыдысқа ашық көгілдір түсті мыс тотияйынының ерітіндісін құйып, оның үстіне таза суды жайлап құйып қоялық. Бірнеше күннен кейін сұйықтықтардың арасындағы шекара жойылады да ыдыста бір түсті ерітінді түзіледі. Бұл жағдай сұйықтықтардың молекулалары үздіксіз қозғалыста болады деп айтуға болатындығын білдіреді. Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларымен өзара кірігуі диффузия деп аталады. Газдағы диффузия , араластыру. (бейне көрініс)
Химия пәні мұғалімі:Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің өмірінде жүретін үрдістерде дифузияның үлкен маңызы бар. Мысалы:дифузияның арқасында оттегі өкпеден адамның қанына , ал қаннан теріге өтеді.
Оқулықпен жұмыс. (атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары)
4. Оқушылардың атом-молекулалық ілімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы дайындап келген хабарламалары слайдпен ұсынылады.
5. Есептей білсең, есің түгелденеді (оқушыларға есептер ұсынылады) 3 топқа бөлінеді
І Х
ІІ Y
ІІІ Z
5. Тест, диктант
1)Атомды құрайтын бөлшек
А)ядро
б)молекула
в)электрон, протон, нейтрон
2)Су молекуласы құрамы неден тұрады
А) үш атомнан
б)екі атомнан
в)бір атомнан
3)Денелер неден құралады?
А)заттан
б)молекуладан
в)атомнан
4)Молекулалар өзгеріске ұшырап бұзылады
А)физикалық құбылыс
б)химиялық құбылыс
5)Атом-молекулалық ілімді дамытып және тұңғыш рет оны химияға қолданған орыс ғалымы
А)Д. В. Менделеев
б)М. В. Ломоносов
в)Д. Дальтон
Атом және молекула сөздерін қажетті септікте пайдаланып төмендегі сөйлемдерді аяқтаңдар
1) А) Су...құрамына оттек және сутек...кіреді.
2) Б) Ауаның құрамында азот және оттек...бар.
3) В) Хлордың...массасы, оның ...массасынан екі есе ауыр
4) Г) Адам және жануарлар тыныс алғанда оттек...пайдаланылады.
5) Д) Қатты қыздырғанда су...сутек пен оттек...ыдырайды.
Физиктер, әсіресе химиктер көрінбейтін кіші бөлшектердің құрылысын білмейінше қараңғыда сипалап жүргендей болады . (М. В. Ломоносов) Химиялық реакциялар атом-молекулалық ілім тұрғысынан түсіндірілгеннен кейін ғана химия нағыз ғылым болып қалыптасты.
VІІ. Бағалау VІІІ. Үйге тапсырма:§17 № 65, 66, 67