Өсімдік бөліктерімен сәйкестендіру

Скачать

Сабақ тақырыбы: Өсімдіктер
Тірі табиғат: Өсімдіктер.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 2. 1. 2. Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: Өсімдіктердің негізгі бөліктерін білу және атау.
Оқушылардың басым бөлігі: Әр жемістің атауын сәйкес суретпен, атқаратын қызметімен байланыстыру. Тұқымды құмырадағы топыраққа егу тәсілін үйрету
Кейбір оқушылар: Тұқым отырғызу барысына бақылау жасап,
2, 3 күннен кейінгі өзгерістерді болжау арқылы суретін қағаз бетіне түсіру.
Бағалау критерийлері Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады.
Тілдік мақсаттары:
• Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз. Тұқым, жеміс.
• Пәнге тән лексика мен терминология: Тұқым - өсімдік тұқым арқылы өніп өседі. Жеміс - өсімдіктің бөлігі.
• Диалог пен жазу қшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Жемістерді ата?
Жемістердің ішінде не болады?
Суреттегі тұқымдар мен жемістер несімен ерекшеленеді?
Өсімдік гүлінің орнына не пайда болады?
Тұқым ылғал мақтада өне ме? Неге?

Құндылықтарды дарыту: Жалпыға бірдей еңбек қоғамы - қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтуы, қазақстандық отбасылар табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсарту үшін өсімдік шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру.
Пәнаралық байланыстар: Көркем еңбек - Айқындалған материалдармен (қағаз материалдары) қарапайым көлемді пішінді жасау. Өсімдік аппликациясы.
Математика - Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру. Өсімдік бөліктерімен сәйкестендіру.
Музыка - Қоршаған ортадағы музыкалық дыбыстарды ажырату арқылы баққа серуендеу. Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл - күйін, ырғақ екпінін, динамикасын анықтау арқылы өзін - өзі бағалау.

АКТ қолдану дағдылары
Интербелсенді тақта
Бастапқы білім
Ой қозғау стратегиясы:
Интербелсенді тақтадан психологиялық ахуалға берілген өлеңнің мәтінімен жұмыс.
- Тақтадағы қызылмен жазылған сөздер нені білдіреді?
- Не жетіспейді, толықтырайық.
- Өсімдіктер тобы.
- Бұта.
- Бұлардың барлығы неге жатады?
- Тірі табиғат, өсімдікке.

Сабақтың басы 3 минут
Психологиялық ахуал.
Еңбек етсең терлеп оның аты -........ Еңбек
Гүл өсірсең терлеп оның аты -......... Еңбек
Ағаш ексең терлеп оның аты -......... Еңбек
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.
Ой қозғау стратегиясы:
- Тақтадағы қызылмен жазылған сөздер нені білдіреді?
- Не жетіспейді, толықтырайық.
- Өсімдіктер тобы.
- Бұта.
- Бұлардың барлығы неге жатады?
- Тірі табиғат, өсімдікке.

Топқа бөлу: Столға жапырақ, жеміс, тұқымның бірнеше түрінің суреттерін тарату арқылы оқушыларды шағын топтарға топтастыру.

Сабақтың ортасы 3 минут
Ширату: Екеуінің бірін таңда ойыны.
Мұғалім оқушыларға бірнеше сұрақтар қояды.
Мысалы:
- Өсімдік тірі ағзаға жата ма, әлде жатпай ма?
- Жатады, себебі өседі, қоректенеді, тыныс алады, көбейеді.
- Ағаш, бұта, шөптердің ұқсас белгілері бар ма, жоқ па?
- Бар, тамыры - тамыры, діңі - сабағы, жапырағы - жыпырағы

Тапсырма № 1 Өсімдік мұнарасы әдісі (Т)
1 - топ: Жапырақтар
Өсімдік бөліктерін төменнен жоғары ретіне қарай орналастырады (қиылған дайын бөліктерден аппликация). Өсімдіктің бөліктерін көрсетіп, атайды.
2 - топ: Жемістер
Өсімдік бөліктерін атап, әр бөліктің атқаратын қызметін түсіндіреді.
3 - топ: Тұқымдар
Өсімдік бөліктерін геометриялық пішіндерге сәйкестендіріп, түсіндіреді.
Дескриптор:
1. Өсімдік бөліктерін ретімен орналастырады, атайды
2. Өсімдік бөліктерін атап, қызметін түсіндіреді.
3. Өсімдік бөліктерінің пішінінің ерекшеліктеріне, түсіне байланысты геометриялық пішіндерге сәйкестендіреді.

Ж. Молдағалиев атындағы орта мектебі
Мұғалімнің аты – жөні: Хамзина Қ. С.

Өсімдіктер. жүктеу


Скачать


zharar.kz