Дыбыс бермейтін әріптер Тапқырлар тобы

Скачать

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, ұжымда достық қарым - қатынасты, ұйымшылдылықты тәрбиелеу.
Құрылымы: Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 8. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
- Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер 1 - сынып оқушыларына арналған Зерде интеллектуалдық ойынын тамашалайсыздар. Біздің ойынымыз мынандай кезеңдерден тұрады:
Бағдарлама кезеңдері:
I айналым Білгенге маржан
II айналым Әріптер әлемі
III айналым Ойлан тап ойыны
IV айналым Қызықты грамматика
V айналым Сырлы жұмбақ әлемі
- Бүгінгі ойынымызға 1 сыныптан 4 оқушы және 2 сыныптан 4 оқушы қатысып отыр. 1 сыныпты Алғырлар тобы, ал 2 сыныпты Тапқырлар тобы деп атадық. Ал, енді ойынымызға әділ баға беріп, шешімін айтатын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма.
Білім мен өнер жарысып.
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда.
Ал, енді бүгінгі ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
I - айналым Білгенге маржан
Бірінші айналымда топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.
Алғырлар тобы
1. Біз қандай елде тұрамыз?
2. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
3. 1 - ші желтоқсан күні қандай мереке?
4. Бір аптада неше күн бар? Ата
5. Балалар білім алатын орын
6. Дыбыс бермейтін әріптер
Тапқырлар тобы
1. Қазақстан Республикасының президенті кім?
2. Абай аталарың оқу, өнер туралы қандай өсиет қалдырды?
3. Сөйлем неден құралады?
4. Балдырған сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
5. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
6. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата. (я, ю, е)

II - айналым Әріптер әлемі
Балалар әріптерді алып, оған сөз ойлап, буынға бөледі.
Музыкалық үзіліс би билеу.

III - айналым Ойлан тап ойыны
Мақалды дұрыс оқу үшін, сандарды өсу ретімен орналастыру керек.
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
IV - айналым Қызықты грамматика
Тапсырма: Бір сөз беріледі, сол сөзден бірнеше сөз шығару.
Сөз Саңырауқұлақ
Музыкалық үзіліс би билеу.

V - айналым Сырлы жұмбақ әлемі
Бұл кезеңде жүргізуші қазақтың бір жұмбағын оқиды. Оның шешуі сиқырлы кітапта жасырылған. Топтар жұмбаққа дұрыс жауап беруі тиіс. Қай топ бірінші дұрыс жауап береді, сол топ 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды. Бесінші кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып, бағдарламаның жеңімпазы анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы кубокты табыстайды.
Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама (кітап)
Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты (өшіргіш)
Тақтада жазып, жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған. (бор)
Алты түрлі түсі бар,
Сурет салар ісі бар. (қарындаш)

- Міне, балалар осымен бүгінгі ойынымыз аяқталды. Қорытынды сөзді әділқазыларға береміз. Жеңген топты марапаттау, сыйлықтар беру. Ойынымызды Дос болайық бәріміз әнімен аяқтайық


Скачать


zharar.kz