Мұқағали Мақатаевтың өлеңі
Біле алмаймын, білмеймін, түсінбеймін,
(Түсінбесең, түсінбе, түсін мейлің)
Қуанып көктен ырыс құйды екен деп,
Қолымнан тостағымды түсірмеймін.
Жағуға да жоқ шама аққа қара,
Жабуға да жоқ дәрмен жатқа жала.
Түсінемін, түсінсем бірдемені,
Өзімді өзім түсінген шақта ғана,
Өзімді өзім зерттеген шақта ғана.
Түсінбеймін жақсыны, жаманды да,
Адамды да білмеймін, наданды да.
Жазығым да жоқ менің, заң алдында,
Бір ғажап өзгеріс бар, өзгеріс бар...
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы,
Опорный орта мектебінің
3 сынып оқушысы Дарханқызы Айерке