Менің инновациялық сабағым
Мен деңгейлік курсты оқып келгелі бері білім беруге жаңаша көзқaраспен қарап, осы бағдарлама Қалай оқу керектігін үйрету тақырыбынан бастап көшбасшылыққа әкелетін бағдарлама екендігін түсіне отырып жұмыс жүргізуге тырыстым. Мен оқушының сын тұрғысынан ойлауда алған білімін өз қажетіне қарай кез - келген жерде қолдана алуы үшін тәжірибеме елеулі өзгерістер енгізуім керек екенін ұғындым. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сын тұрғысынан ойлау модулінің мені қызықтырғаны баланың туындаған сұраққа жауапты өзі іздеп, оны дәлелдеуге ұмтылыс жасауы. Дәстүрлі сабақтарда оқушы тек тыңдаушы болса, сындарлы оқытуда өзі ойлана алатын, өзі ізденетін, өз ойын дәлелдейтін тұлға, ал мұғалім болса, осы әрекетті бағыттаушы, ұйымдастырушы екендігі.
Мұғалім оқушының танымдық, шығармашылық іс - әрекетінің табысты өтуіне басты ықпал етеді. Ал, менің өз іс - тәжірибемде байқағанымдай, оқу үрдісінде оқушылардың белсенділігін арттыру арқылы іс - әрекеттер барысында оқушының шығармашылығы, ізденімпаздығы, бір салаға бейімділігі мен қызығушылығы дамиды. Мен оқушының белсенділігін дамыту үшін американдық ғалым Б. Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесін, яғни блум таксономиясын және сыныпта немесе сыныптан тыс жұмыстарда түрлі шығармашылықпен жұмыс жасауға сын тұрғысынан ойлау модулінің әдіс - тәсілдерін (мысалы, ақылдың алты қалпағы, зерттеушілік әңгіме, блум түймедағы, ЖИГСО әдісімен мәтінді талдау, БҰҮ кестесі, insert әдістерін, ассоциация, бес жолды өлең, эссе жазу, суреттер арқылы көрсету, постер арқылы түсіндіру тағы басқа да көптеген әдістерді) қолдану өте тиімді. Әрине, Кембридж университетінің тәсіліне сәйкес зерттеу барысында қиындықтар туындайтыны айтылған. Оған жауапкершілікпен қарау керек екендігін де ескердім. Бұл технологияны қолдануда әрбір оқушының, мұғалімдердің және ата - аналардың болсын, ішкі жан дүниесінде не болып жатқанын ойланып, оны түсінуге тырысу керек.