Тақырыбы: Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру
Кітап оқу - адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап. Тәрбиеміздің бастауы ертегі, жыр, дастандарымыз да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті. Ұлы Абайдың :
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл, терең білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге, деген сөзінен – ақ көп нәрсе аңғаруға болады.Сондықтан кітап оқу әр адам үшін қажет,кітап көбірек алғыр ойлауға баулып,албырт сезімді тежеуге,ішкі барлық ойлау және сезіну қабілетімізді қалыптастыратын сезім тәрізді ми гимнастикасы болып табылады.
Кітап - ол дос, жұбатушы, басшы,біздің түсініксіз және белгісіз болып қалған ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші; кітап өзінің мазмұнымен нәр татқызып,рухани қолдау береді.
Кітаппен шындап жұмыс істей алмау біреулердің кітапқа деген сүйіспеншілігін мұқалтса,енді біреулерді жүйесіз,ойланбай оқуға әкеліп соқтырады. Ол үшін оқу мәдениеттілігін игеру керек.
Оқу дегеніміз - бұл кітап мазмұнымен танысып, автордың кітаптағы ойын ұғыну,Оқу - бұл графикалық белгілермен берілген басқа біреудің ойын меңгеру.Оқу мәдениеттілігі алдымен оқуға деген көзқарас қалыптастырудан, оқырманнан кітап арқылы әлемді танып және оқудан өзіне пайда ойлауға тырысуынан басталады.Басқаша айтқанда,оқырман кітапты жеңіл уақыт өткізу үшін емес,өздігінен білім алып, өз еңбегін ұйымдастыруға және жетілдіруге пайдаланған жөн.
Мектептегі оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларынан оқудағы дербестікті талап етеді. Осыған орай, оқу еңбегінің барысында оларды ең алдымен кітаппен жұмыс істеуге үйретуден бастаған жөн. Көптеген бастауыш сынып оқушылары кітап үшін оқуды ұнатады. Сондықтан да балалардың оқуы үшін кітап таңдап алуын үлкендер қадағалап отыруы тиіс.
Болашаққа жаңа ғана қадам басқан баланың оқуына ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып басшылық жасап, бағыт беріп жіберу қажет.
Кітаппен жұмыс жасау,оқушының білім сапасын көтерудегі қажетті жағдай.Баланың жалпы дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.
Оқушылардың кітап оқуға құмарлықтарын арттыру үшін мұғалім алдын ала жоспар құрады.Мұғалім сынып жоғарылаған сайын күрделендіре түседі.Бірте-бірте мәнерлеп оқуға дағды қалыптастыруға болады.
Мәнерлеп оқу екпінді дұрыс қоя білу,оқу мәнерін меңгеру,тыныс белгілерін сақтап, дұрыс кідіріс жасау,дауысты сөйлемдегі ой мазмұнына сай баяу,жігерлі оқу немесе тілек,сұрақ,көңіл-күйді көтеріңкі күйде оқу ескеріледі.
Оқушы 2-3-сыныптарда мұғалімнің басшылығымен, көрсетуімен,нұсқауымен кітапты оқудың белгілі жүйесімен, тәртібімен танысады.Оқыған кітабының мазмұнын біршама айтып беруге дағдыланады. Осындай дағдыларды меңгере келе өз бетінше кітап таңдауға, оқи білу дағдысына көшуге бірте-бірте бағыт алады. Мұғалім әр оқушының жас ерекшелігіне байланысты, білім көлеміне, сондай-ақ не нәрсені ұнатқандығына қарай көркем әдебиеттерді, қазақ жазушыларының шығармаларынан қысқа үзінділер, аңыз – әңгімелер, сондай – ақ Балдырған , Ақ желкен , Ұлан , газет – журналдарын таңдап ұсынады.
Кітап оқуды жүргізудің бірнеше әдіс – тәсілдері бар:
Өз таңдаулары бойынша кітап оқу
Бірде кітапты талқылау
Бірде бірігіп оқу
Бірде балалардың әрқайсысының өзінің ұнаған жерлерін оқыту
Бастауыш мектеп баласының кітап оқуға ынтасын, көңілінің көзін ашып, қызықтыру.
1. Мектеп кітапханасы оқушыларды керекті шығармалармен қамтамасыз етуге тиіс. Алайда керекті кітаптар мектеп кітапханасында табыла бермейді. Осыны ескеріп мұғалімдер сыныпта Кітапхана бұрышын ұйымдастырады. Осы ұйымдастырылған Кітапхана бұрышы арқылы ең үздік оқырман атағын жариялап, мадақтау.
1. Оқымысты қоян
2. Қазақ халық ертегілері
3. Шөл ертегісі
4. Қойшы бай
5. Әйбат ертегілер
6. Керіктің құпиясы
7. Су ертегісі
8. Әжемнің ертегілері
9. Арлан күшік
2. Кітап оқуға қызықтыра түсу мақсатында оқылған ертегілер мазмұнына түрлі түсті бояумен суреттер салып ертеңгіліктер өткізу тиімді. Мұндай ереңгіліктерді оқушылардың тоқсан бойы оқығандарына есеп беру ретінде әрбір тоқсан аяғында өткізуге де болады. Ілінген суреттерге қарап, оның қай ертегіге қатысты екенін айтып, кітаптағы суреттеріне мән берудің маңызы зор екенін естен шығармау керек. Бастауыш сынып жасындағы балалар үшін кітаптағы суреттердің тәрбиелік мәні зор. Олар баланың оқығандарын түсінуіне, есте сақтауына көмектеседі.
Қай ертегіге қатысты...
3. Өз қалауымен оқылған кітаптарды дәптерге тізіп жазып отырған дұрыс немесе мынадай кесте толтыруға болады.
Дәптер беті:
Тақырыбы:
Авторы:
Шығарманың
Кейіпкері
Мәселелері
Қысқаша
мазмұны Пікір
4. Бірлесе отырып кітап оқу, оқығаны туралы ой бөлісу
3 топқа бөліп балаларды бірлесе отырып топпен жұмыс істеуге баулу, жұмыс үстіндегі еркіндік, тек сөйлеушіні тыңдауға ғана емес, ойлауға жетелеу, өз ойын жеткізуге баулу.
Топпен жұмыс істеуде қасындағы достарының пікірін сыйлай біледі.
1.Топтағы 4 бала кезек-кезек оқу, тыңдау
2. Талқылау.
Нәтижесінде: бала шапшаң оқуға дағдыланады. Шапшаң оқуға дағдыланғанда ғана оқушы төмендегідей жетістіктерге жетеді.
Мәнерлеп оқуды меңгереді.
Оқығанды көз алдына елестете алу қабілеті артады.
Әр түрлі сезімдерге беріледі. Қиялдау қабілеті дамиды.
Өзіндік жұмыстар мен тапсырмаларды орындауларда емін – еркін жұмыс жасайды.
Қорыта келе қазіргі ХХІ ғасыр компьютер мен техниканың дамыған заманында, дабыл қағатындай мәселелердің бірі:
- Балдырғандар кітап оқудың орнына күндіз-түні компьютерге телміріп өсіп жатыр.
- Балалардың көркем әдебиетке қызығушылықтарының жоқтығы.
- Көркем әдебиетті қойғанда қазақ тіліндегі кітаптар, газет – журналдарды оқымайтындығы.
- Соған байланысты сөйлеу мәдениетінің төмендігі.
Бұл проблемалардың шешіміне кітап оқудың бірнеше әдіс тәсілдерін дұрыс жолға қоя білу.
Өз ұлтының көркем тілінің кәусәрінән қанып ішкен ұл мен қыз шын мәнінде елінің толыққанды мәдениетті азаматы болатынын естен шығармағанымыз жөн.
Оқушы көркем әдебиетті неге оқымайды? - деп сауал тастап, шарқ ұрып жүрген әріптестеріме айтарым – бала оқиды, тек Қалауын тауып, қар жағу өз қолымызда.
Әр сұраққа жауабы
Ойлау жүйесі жүйрік
жүйелі, нақты болады
Ақыл ой еңбегі қалыптасады
Оқушы сауаттанады
Кітап оқу қажет
Сөз қоры ұлғаяды
Шешендік қабілеті артады
Оған уақыт жоқ
Оқығын келген жағдайда
кітап дүкеніне, кітапханаға
барудың қажеті жоқ
Кітап оқу қажет
емес
Интернет тұр ғой жүкте де
оқи бер
Бос уақытың көп болады
Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйретуде оқушы сауаттанады, сөз қоры ұлғаяды, ойын еркін жеткізе алады. Сөйлегенде мәдени, әдеби тілде көптеген сөздердің баламасын тауып айтып, өз ойы бойынша мазмұндап айта алады. Көркем әдебиетті үнемі оқитын оқушылар суреттер бойынша сөйлегенде шешендік қабілеттерін де көрсете біледі сөз таңдай алады.
Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру оқушыны өмірге дайындаудың негізі болып табылады.