Қалалар сөзжұмбағы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тәуелсіздік туралы түсінік беру. Тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятып, сүйіспеншілікке баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеу, логикалық ойлау қабілеттерін, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, өз ойын анық, толық жеткізе білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құралдар: интерактивті тақта, суреттер, кестелер, Астана қаласы туралы слайд.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: презентация, түсіндіру,, топтық, жеке жұмыстар, суретпен жұмыс, сұрақ - жауап, тест.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сұрақ – жауап.
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Бүгін желтоқсанның нешесі?
Бүгінгі біздің сабағымыз Тәуелсіздік күніне арналады. Сабағымызды бастамас бұрын 3 топқа бөлінеміз. Топқа суреттер арқылы бөлінеміз.
1. топ – Бәйтерек
2. топ – Пирамида
3. топ – Хан шатыр

Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасы – Тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні, бүкілхалықтық мейрам. Бұл мерекені бүкіл халық тойлайды. Қазақстан – біздің ата - бабаларымыздың мыңжылдықтар шебінде пайда болып, күшті, тәуелсіз мемлекетке айналған мекені. Біздің Отанымыз – біздің мақтанышымыз дегендей Отанымызды мақтаныш ете отырып сабағымызды Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан бастасақ.
Әнұранды орындау.
Оқушылардың орындаған тапсырмаларын бағалау Бағалау парағында белгіленіп, сабақтың соңында қорытындысы шығарылады.

1 – тапсырма. Сұрақ - жауап.
Карточкада берілген сұрақтарға жауап береді.( Әр топ жауаптарын алмастыру арқылы тексереді. Дұрыс жауапқа 1ұпайдан беріледі, уақыты 5 минут)
- Біз қай республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- Қазақстан Республикасының елбасы кім?
- Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күні қашан?

2 – тапсырма. Суретпен жұмыс.
Әр топқа суреттердің бөліктері беріледі, сол суреттерді тез құрастыру керек. (суретті құрастыру дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі, уақыты 6 минут)

3 – тапсырма. Кім жылдам? сөзжұмбақты шешу. (Дұрыс жауапқа 1 ұпай)
Қалалар сөзжұмбағы.

4 – тапсырма. Тест (Дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1. Жалпы зат есімдерді табыңдар.
А Астана, Ертіс
В қала, өзен
С бару, келу
2. Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті қашан алды?
А 1991 жыл 21 желтоқсан
В 1991 жыл 16 желтоқсан
С 1992 жыл 4 маусым
3. День независимости сөзінің аудармасын табыңдар.
А бүкілхалықтық мереке
В Республика күні
С тәуелсіздік күні
4. Кім? сұрағына жауап беретін сөздер табыңдар.
А адам, ұстаз
В мысық, торғай
С қалам, дүкен
5. Астана қаласының ортасынан қандай өзен ағып өтеді?
А Ертіс
В Есіл
С Нұра

Бекіту кезеңі. Әр топтың ұпайларын санап, бағалау, марапаттау.
Қорытындылау.


Скачать


zharar.kz